Жылдар мен сандар
Жұмбақтар мен қызықты тапсырмалар
Логика әлемі
10

Тоқтар Әубәкіров қай жылы, қай күні, неше жасында ғарышқа ұшты?

1991 жылы, 2 қазанда, 45 жасында

10

Жерге қазық қақтым, 

Басына айдар тақтым.

сәбіз-морковь-carrot

10

Би үйірмесіне 7 ұл, 3 қыз қатысады. Барлық оқушылар жұптарымен билеген кезде, неше ұл билемей қалады?

3 ұл

15

ҚР Ұлттық ғылым академиясының іргесі қай жылы, қай күні қаланды ?

1946 жылы, 1 маусым күні

15

Төрт ұзын аяғы бар,

Басында тарам-тарам таяғы бар

бұғы-олень-deer

15

Екі ұлы мен екі әкесі үш жұмыртқа жеді. Әрқайсысы неше жұмыртқадан жеген?

бір-бір жұмыртқадан, себебі бұлар атасы-әкесі-немересі

20

Ыбырай Жақаев қай жылы әр гектарынан ___ центнерден күріш алып, дүниежүзілік рекорд орнатты? 

1949 жылы, әр гектердан 171-172 центнерден 

20

Мені қалтаңа саласың,

Әмиянға да тығасың.

Егер "ы"-ны "і"өге ауыстырсаң,

Орманнан тез табасың.

тиын-тиін

монета-белка

coin-squirrel

20

Жайна үстелге тастарды бір-бірінен 2 см аралықта орналастырды. 10 см-дің бойында неше тас қойылған?

6 тас

25

 Әбілхан Қастеев КСРО-ның Суретшілер Одағына қай жылы қабылданды?

1937 жылы

25

Бірі үй күзетіп қалса да, 

Бірі жүрер қалтада.

Құлып пен кілт

замок и ключ 

lock and key

25

Баспалдақ 17 басқыштан тұрады, баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

9

30

Әміре Қашаубаев қазақ әндерін шетелде орындаған тұңғыш қазақ әншісі. Ол қай жылы Парижде өткен Халықаралық этнографиялық көрмеде қазақтың "Жаяу Мұса", "Балқадиша" әндерін орындады? Қай  орынды алды?

1925 жылы, 2-орын

30

Аяғы, тұлға, басы бар,

Сыртында сауыт тасы бар,

Тағамға ұқсас атауы

Шешуін оның табыңдар.


ұлу-улитка-snail

30

Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың басы  5-еу, аяқтары 14. Олардың санын тап.

2 қой мен  3 тауық 

M
e
n
u