Соғыс жылдары Алматыда құрылған «Біріккен орталық киностудия" қандай киностудиялардың бірігуінен пайда болды?
РКФСР-дегі "Ленфильм", "Мосфильм" және Қазақ КСР-індегі "Алматы көркем фильмдер" киностудиясының бірігуі нәтижесінде
Алматыда көрнекті педагог Наталья Сацтың бастауымен 1944 жылы құрылған театр
«Балалар мен жасөспірімдер» театры
Халық рухын ояту мақсатында "Біріккен Орталық Киностудия" Алматыда неше кинокартина түсірді?
23 кинокартина түсірді.
1942 жылы «Гвардия, алға!» операсын жазған атақты композитор?
Евгений Брусиловский
Алматыдағы "Бірікккен орталық киностудияда" жұмыс жасаған Кеңес Одағының кино майталмандарының түсірген киносының бірін атаңыз?
«Партизандар, Екі жауынгер, Георгий Сакадзе, Илья Муромец», "Ол Отанын қорғайды", "Күт мені".
11 қазақстандық концерттік бригада майданда болып, неше концерт қойды?
870 концерт қойды
"Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі,
Нева алабын қорыңдар
Ленинградтың ерлері"
берілген өлең қай автордың өлеңінің үзіндісі?
Жамбыл Жабаевтың "Ленинградтық өренім" өлеңінің үзіндісі
1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясының тұңғыш рет өз күшімен түсірген фильмі қалай аталады?
«Абай әні"
Неліктен Қазақстанға Ресейден киностудиялар қоныс аударды?
Қоныс аударуының басты себебі: Ленинград пен Мәскеу қалалары жау әскерінің ең басты жаулап алу нүктелері болды.
1940 жылы қойылған алғашқы қазақ балетінің бірі.....
«Көктем"
Соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызына нақты 2 дәлел келтіріңіз
Біріншіден: халықтың жеңіске деген сенімін күшейтті.
Екіншіден: жауынгерлер мен еңбеккерлерге моральдық қолдау көрсетіп, ерлік пен батырлық үлгілерін ұлықтады.
Ұлы Отан соғысы жылдары Алматы Кеңес Одағының мәдени-экономикалық орталығы ретінде саналды ма? Нақты дәлелдер келтіріңіз
Ұлы Отан соғысы жылдары Алматы Кеңес Одағының мәдени-экономикалық орталығы ретінде саналды. Дәлел: 15 жоғары оқу орындары мен техникумдар және 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары және өндіріс ошақтары болды.