Поэманың басты кейіпкері кім?
Басты кейіпкер – Ақан сері Қорамсаұлы. Ол – әнші, ақын, сері, Құлагер тұлпарының иесі.
Құлагер қандай тұлпар?
Жауабы: Құлагер – Ақан серінің бәйгеден бәйге озған, елге атағы жайылған жүйрік тұлпары. Ол сұлулық пен еркіндіктің символы ретінде суреттеледі.
Құлагерге кімдер қастандық жасайды?
Жауабы: Құлагерге көре алмайтын күншіл байлар мен арам ниетті адамдар қастандық жасап, бәйге үстінде таспен ұрып өлтіреді.
Поэмада қандай ұлттық дәстүрлер көрініс тапқан?
Жауабы: Серілік дәстүр, бәйге, ат баптау, жоқтау айту, өнерге құрмет көрсету сияқты ұлттық құндылықтар көрініс тапқан.
Құлагер образы нені білдіреді?
Жауабы: Құлагер – еркіндіктің, сұлулықтың, ұлттық рухтың символы.
Поэманың негізгі идеясы қандай?
Жауабы: Поэмада әділетсіздік пен зұлымдыққа қарсылық, өнер мен тазалықты қорғау идеясы жырланады.
9. Ілияс Жансүгіров поэма арқылы қандай қоғам мәселесін көтереді?
Жауабы: Ақын қоғамдағы күншілдік, әділетсіздік, арамдық, өнерге деген құрметтің азаюы сынды мәселелерді көтереді.