Дастанның негізінде қандай оқиға жатыр?
18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында болған Еңлік пен Кебек атты екі ғашықтың шынайы әрі қайғылы тағдыры.
Кебек қай рудан шыққан?
Тобықты
Еңлік кімнің қызы және қандай мінезімен ерекшеленген?
Көкен елінің қызы, ақылды, көрікті, өжет, қайсар мінезді
Екі жастың махаббатына не кедергі болды?
Руаралық жаулық, феодалдық қоғамның қатал заңдары мен ата салты.
Олар қайда қашып барып өмір сүреді?
Елден қашып, тау ішінде бірге тұрады.
Дастандағы Нысан абыздың рөлі қандай?
Болашақты болжайтын көріпкел, Еңлік пен Кебектің тағдыры туралы алдын ала айтқан.
Кеңгірбай би кім?
Ру басы, билік айтушы, дастандағы үкім шығарған би.
Дастанның негізгі тақырыбы қандай?
Махаббат пен бостандық жолындағы күрес, әділетсіздікке қарсылық.
Дастанның тәрбиелік мәні неде?
Адалдыққа, махаббатқа беріктікке, әділеттілікке, дәстүрді ақылмен бағалауға тәрбиелейді.