Исламды алғаш қабылдаған адамдардың бірі. Дүниеқоңыздыққа бейім болмаған, керісінше мал-мүлкін түгелдей дерлік Алла жолына жұмсаған. Анасының есімі «бүкіл жақсылықтардың анасы» дейтін мағына береді. Халифалық кезінде Ридда соғыстарында Исламның тұтастығын сақтап қалды.
Әбу Бәкір (р.а.)
Алғашында мұсылмандарға қарсы соғысқан. Түсінде өте тар және құрғақ жерден кең әрі жап-жасыл бір алаңқайға шыққанын көріп, кейін ол түсін Исламды қабылдауға жорыған. Кейін Исламды қабылдап, мұсылмандардың ең мықты қолбасшысына айналды. Стратегиялық қабілеті өте жоғары болған. Көптеген шайқастарда жеңісті мұсылмандарға әкелді.
Халид ибн Уалид (р.а.)
Қарапайымдылығымен және ұятшылдығымен танылған. Пайғамбар ﷺ: «Періштелер де одан ұялады» деген. Оның дәуірінде Құран аяттары ресми түрде бір мусхафқа жинақталып, бүкіл аймақтарға таратылды. Байлығын Алла жолында аямаған, жомарттығымен танылған. Жұма күні құран оқып отырып, бүлікшілердің қолынан қаза табады.
Осман ибн Аффан (р.а.)
Исламға қатты қарсы болған, кейін иманға келгенде мұсылмандар ашық намаз оқи бастады. Өмірінің 35 жылын жәһилия дәуірінде өткізсе, 30 жылын мұсылман боп өткізген. Ұлы сахаба Хамза (р.а.) исламды қабылдаған соң 3 күннен кейін исламды қабылдаған.
Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.)
Дәус тайпасынан шыққан, тайпа басшысы Туфайл ибн Амрдың себепкерлігімен Исламды қабылдаған. Діни үкімдердің жартысына жуығы осы сахаба арқылы біздің заманымызға жеткен. «Уа, Расулалла, бүкіл мүминдер мені және анамды жақсы көрсін деп дұға етсеңіз» - деп Пайғамбар ﷺ дұға етуін өтінген.
Әбу Хурайра (р.а.)
Жәһилия кезеңінде пұтқа табынуды ерсі санап, ақиқатты іздеумен болған арабтың атақты шайыры. Һ. 6шы жылына дейін өз елінде болып Бәдір, Ухуд, Хандақ шайқастарына қатыса алмады. Пайғамбар ﷺ: «Менің үмметімде, Мәриям ұлы Исаның (а.с.) тақуалығындай, зүһідтігіндей адам - ...» деп оны айтқан.
Әбу Зарр әл-Ғифари (р.а.)
Ансардың алдыңғы қатарлы сахабаларының бірі. Пайғамбар ﷺ «Үмбетімнің арасында харам мен халалды ең жақсы білетін ...» деп осы сахабаны айтқан. Фақиһ сахабалардың бірі болған. Қиямет күні бүкіл ғалымдардың имамы болады.
Муаз ибн Жәбәл (р.а.)
Меккедеги ең бай адамның баласы болған. Ол жүрген жерді адамдар әтірінің иісінен біліп қоятын болған. Ең қымбат Шамнан келетін әтірлерді себетін болған. Амр руынан шыққан. Исламды қабылдағаны үшін қысым көріп, бір топ мұсылманмен бірге Эфиопияға һижрет еткен.
Мусғаб ибн Умайр (р.а.)
Пайғамбар ﷺ -ның нағашы ағасы. Әбу Бәкірдің себепкерлігімен исламды қабылдаған. Алла жолында алғаш қан төккен сахаба. Дұғасы қабыл болатын сахаба болған. Өзінің өсиеті, Бәдір шайқасында киген көйлегі мен жерлеңдер деген.
Сағд ибн Әбу Уақас (р.а.)
Меккелік сахаба. Алғаш ислам қабылдағандар қатарында болған. Тарихта тұңғыш рет Біләл (р.а.) кейін азан айтқан және қамат айтқан. Мәдинаға һижрет жасаған соң, Пайғамбар ﷺ оны бірнеше рет өзінің орнына намаз имамы етіп қалдырған.
Абдулла ибн Умм Мактум (р.а.)
Пайғамбарға ﷺ иман еткендердің 8шісі. Әбу Бәкірдің (р.а.) себебімен ислам қабылдаған. Бай сахаба болған. Мұсылман болғанға дейін аты - Абдулқағба болған. Бәдір шайқасында оған бір топ мүшріктерді жеңуге періштелер көмектескен. Ухуд шайқасында аяғынан жараланады. Өмірінің соңына дейін 30 мың құлды азат еткен. Табук шайқасында Пайғамбарымыз ﷺ арасында болған жамағатқа намаз оқытқан.
Абдуррахман ибн Ауф (р.а.)
Меккелік сахаба. Ухуд шайқасында мерген Мәлік ибн Зүхейрдің көздеп Пайғамбарды ﷺ атқанын байқап, оққа қолын тосып, оң бармағын жаралаған. Ухуд шайқасында жанқиярлығы мен ерліктері үшін "Қайырлы ...» деген атқа ие болған.
Талха ибн Убайдулла (р.а.)
Ол Меккелік емес. Меккеге Абдулла ибн Джудған көмегімен келген. Ақиқатты іздеген. Алғаш исламды қабылдағандардың бірі. Оны жаңа сойылған мал терісіне орап Меккенің сыртына, құмға лақтырып тастайтын болған.
Сухайб ибн Синан (р.а.)
Алып денелі, басы дәу болған. Дүниеге келген жері - Иран, Исфахан. Ухуд, Бәдір шайқастарына қатыса алмады, себебі құлдықта болды. Шындықты іздеп жүріп Исламды тапты. Ізденістің, сабырдың үлгісі.
Салман әл-Фариси (р.а.)
Мәдинадағы ұлы кісілердің бірі. Қабағымен бір қауымды басқарып отырған. Бану әбд әл-Ашқал руының басшысы. Асхат ибн Зурара оның нағашысы. Саудадағы серігі Умая ибн Халяф болған.
Сағд ибн Муаз (р.а.)
Мәдинада алғаш исламды қабылдаған екі адамның бірі. Мәдинадан Меккеге одақтастық мақсатында келген. Жас жігіт болған. Исламды қабылдаған. Мәдинаға оралған соң «Буғас күніне» аз күн қалғанда немесе сол соғыс ішінде шаһид болып дүниеден өткен.
Яс ибн Муаз (р.а.)
Меккелік сахаба. Исламда тұңғыш ту көтеріп жорыққа шыққан. Шейіттердің мырзасы. Пайғамбармен ﷺ сүт бауыр болған. Жас жағынан Пайғамбармен ﷺ шамалас. Бәдір шайқасында кеудесіне түйе құстың қауырсынын қадап шыққан. Жаназасын 70 рет шығарған.
Хамза ибн Абдулмутталиб (р.а.)
Тірі күнінде жәннатпен сүйіншіленген. Пайғамбарды ﷺ көріп шынымен пайғамбар, біздің кітапта келген Ахмад деген. Оған байланысты Құранда бірнеше аяттар түскен. Шын есімі - Хусейн. Ғалым сахаба болған. Бану Қайнуқа тайпасынан шыққан. Пайғамбар ﷺ: «Жер бетінде жүрген жәннаттық адамдарды көргің келсе ... қараңдар» деген.
Абдулла ибн Сәләм (р.а.)
Пайғамбарымызбен ﷺ әрі шешесі, әрі Хадиша анамыз жағынан туыстығы бар. Әкесінен жастай айырылған. 12 жасында исламды қабылдаған. Эфиопияға һижрет еткен алғашқы топ ішінде болды. Пайғамбарымыз ﷺ мен халифалар дәуіріндегі бүкіл шайқасқа қатысқан. Батырлығымен белгілі, алғашқы қылыш көтергендердің қатарында.
Зубайр ибн Әууәм (р.а.)
Мәдиналық, Ансарлық әйел сахаба. Пайғамбарды ﷺ көрмей иман келтірген ізгі әйелдерден. Бұл әйелдің аяғының сыбдырын жәннатта естіген. Күйеуі мүшрік күйінде дүниеден өткен. Кейін парасаты, даналығы, ибалы дәрежесі сондай, қолын сұраушылар көп болған. Мәһіріне исламды айырбастаған.
Румейса бинт Мильхам (р.а.)
Ансарлық сахаба. 7-8 жасында Пайғамбар ﷺ жанына келген. Пайғамбар ﷺ ол үшін дұға еткен: «Алла сенің өміріңе, малыңа және ұрпағыңа береке берсін» деп. Ол 1 ғасыр өмір сүрген. Одан бай адам, баласы көп адам болмаған. Көп хадис риуаят еткен. Өлер алдында Пайғамбардың ﷺ сақалынан алған бір тал шашын бірге жерлеуді өсиет еткен.
Әнәс ибн Мәлік (р.а.)
Азан шақырып қойған есімі - Амир. Шежіресі 7 атада Пайғамбарымызбен ﷺ туыстығы бар. «Үмбетімнің сенімдісі» деген атқа ие болған. Эфиопияға һижрет еткендер қатарында болды. Мұхажирлер мен Ансарларды бауырластырғанда оның бауыры Сағд ибн Муаз болды.
Әбу Убайда ибн Жаррах (р.а.)
Пайғамбар ﷺ -ның туысы. Атын Пайғамбар ﷺ өзі қойған. «Құран тәпсіршісі» атанған, өте білімді сахаба. Жастайынан Ислам ғылымына ден қойған. «Наср» сүресін тәпсірлеген. 1600 хадис риуаят еткен.
Абдулла ибн Аббас (р.а.)
Меккелік сахаба. Мекке мүшіріктерінің ең айлалы, көзі қарақты саясаткері болған. Мүшіріктердің қатарында жүрген кезде Пайғамбарға ﷺ қастандық жоспарын құрушы дұшпандарының бірі болған. Эфиопияға көшкен мұсылмандардың қыр соңынан қалмаған.
Амр ибн Ас (р.а.)