Палеолит дәуірі қай кезеңді қамтиды?
A) Б.з.б. 2–1 мыңжылдық
B) Б.з.б. 2,5 млн – б.з.б. 12 мың жыл
C) XV–XVIII ғғ.
D) XIX–XX ғғ.
В) Б.з.б. 2,5 млн – б.з.б. 12 мың жыл
Қазақстанда қола дәуірінің хронологиясы қай жылдарды қамтиды?
A) б.з.д. VII–V ғғ.
B) б.з.д. II–I мыңжылдық
C) б.з.д. IX–VII ғғ.
D) б.з.д. IV–III мыңжылдық
B) б.з.д. II–I мыңжылдық
Түрік қағанаты қай жылы құрылды?
A) 555 ж.
B) 552 ж.
C) 603 ж.
D) 751 ж.
В)552ж
Ақтабан шұбырынды» оқиғасын сипаттайтын тарихи жыр:
A) «Елім-ай»
B) «Олжабай батыр»
C) «Қобыланды батыр»
D) «Ер Сайын»
A) «Елім-ай» жыры
Адам эволюциясы дегеніміз не?
A) Тек қана адамдардың ой-санасының дамуы
B) Ежелгі жануарлар эволюциясы
C) Ежелгі маймылтектестерден қазіргі адамға дейінгі даму процесі
D) Ғалымдардың ойдан шығарған теориясы
C) Ежелгі маймыл тектестерден қазіргі адамға дейінгі даму процесі
Мезолит дәуірінің басты жаңалығы:
A) Отты пайдалану
B) Жебе мен садақтың шығуы
C) Қоладан еңбек құралы
D) Қалалардың салынуы
B) Жебе мен садақтың шығуы
Қола дәуірін Қазақстан аумағында алғаш зерттеген ғалым кім?
A) В.В. Радлов
B) Ә.Х. Марғұлан
C) С.С. Черников
D) Г. Чайлд
C) С.С. Черников
Қазақстан аумағында орта ғасырларда қандай жол өтті?
A) Жібек жолы
B) Темір жолы
C) Дала жолы
D) Алтын жол
А) Жібек жолы
Қазақстан тарихы бойынша алғашқы оқулық жазған ғалым кім?
A) Санжар Асфендияров
B) Әлкей Марғұлан
C) Шоқан Уәлиханов
D) Нығмет Нұрмақов
A) Санжар Асфендияров
Адам эволюциясының алғашқы кезеңі қайсы?
A) тік жүретін адам
B) Акылды адам
C) Неандертальдықтар
D) Австралопитектер
D) Австралопиктектер
Неолит дәуірін қалай атайды?
A) Жаңа тас ғасыры
B) Ежелгі тас ғасыры
C) Қола дәуірі
D) Орта ғасыр
A) Жаңа тас ғасыры
Андронов мәдениеті қола дәуірінде қай аумақта таралған?
A) Сырдария аңғары
B) Есіл, Тобыл, Ертіс бойы
C) Тянь-Шань тау бөктері
D) Жетісу мен Шығыс Түркістан
B) Есіл, Тобыл, Ертіс бойы
Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
A) 1456 ж.
B) 1465–1466 жж.
C) 1219 ж.
D) 999 ж.
B) 1465–1466 жж.
Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатының әлеуметтік салдары:
A) Қазақ халқының толық сауаттануы
B) Жергілікті халықтың салықтан босатылуы
C) Қазақ жерлерінің тартып алынып, қоныс аударушыларға берілуі
D) Қазақ билерінің билігінің күшеюі
C) Қазақ жерлерінің тартып алынып, қоныс аударушыларға берілуі.
Шебер адам не үшін маңызды?
A) Алғаш от жақты
B) Алғаш еңбек құралын жасады
C) Алғаш егіншілікпен айналысты
D) Алғаш сурет салды
B) Алғаш еңбек құралын жасады
Ботай мәдениеті немен белгілі?
A) Алғаш қала салумен
B) Атты қолға үйретумен
C) Металл өндірісімен
D) Жазудың пайда болуымен
B) Атты қолға үйретумен
Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштерін жан-жақты зерттеп, кезеңдерге бөлген отандық ғалым?
A) Әлкей Марғұлан
B) Шоқан Уәлиханов
C) Әлихан Бөкейхан
D) Қаныш Сәтбаев
А) Әлкей Марғұлан
Қазақстандағы орта ғасырлар қай кезеңді қамтиды?
A) V–XVII ғғ.
B) XVIII–XIX ғғ.
C) XX ғ.
D) XXI ғ.
A) V–XVII ғғ.
Елім-ай» тарихи жырында қандай оқиға суреттеледі?
A) Ресейдің отарлау саясаты
B) Қазақтардың Хиуаға қарсы күресі
C) Ақтабан шұбырынды кезеңіндегі босқыншылық
D) Қоқан билігіне қарсы көтеріліс
С) Ақтабан шұбырынды кезеңіндегі босқыншылық
Отты алғаш қолданған адам түрі?
A) Тік жүретін адам
B) Шебер адам
C) Неандерталь
D) Ақылды адам
A) Тік жүретін адам
Қазақстандағы ежелгі тас дәуірін зерттеген қазіргі археологтардың бірі:
A) Геродот
B) Ж.Қ. Таймағамбетов
C) М.Қ. Қадырбаев
D) Ш. Уәлиханов
В) Ж.Қ. Таймағамбетов
Қола дәуірінде шаруашылықтың негізгі түрі қандай болды?
A) Қолөнер және балық аулау
B) Егіншілік және мал шаруашылығы
C) Тек аңшылық
D) Сауда-саттық
B) Егіншілік және мал шаруашылығы
«Тарих-и Рашиди» еңбегін жазып, қазақ хандығы туралы құнды деректер қалдырған ғалым:
A) Жүсіп Баласағұн
B) Махмұд Қашқари
C) Мұхаммед Хайдар Дулати
D) Әл-Фараби
C) Мұхаммед Хайдар Дулати
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы алғаш жазып, куәгер болған тұлға:
A) Мұхамеджан Тынышпаев
B) Әлихан Бөкейхан
C) Тұрар Рысқұлов
D) Мыржақып Дулатов
A) Мұхамеджан Тынышпаев
Қазіргі адамдардың ең жақын туысы қай жануар?
A) Горилла
B) Шимпанзе және бонобо
C) Орангутан
D) Гиббон
B) Шимпанзе және бонобо