1-бөлім
2-бөлім
3-бөлім
4-бөлім
100

«Әдеп» дегеніміз не?


Әдеп – адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттейтін моральдық қағидалар мен тәртіп ережелері жиынтығы. Яғни, кісілік пен инабаттылықтың көрінісі


100

Әдепті адам болып туа ма, әлде тәрбиемен қалыптаса ма?

Әдептілік – тәрбиемен қалыптасады. Адам отбасында, мектепте, қоғамда көрген өнегесі арқылы әдепті болуды үйренеді.

100

Әдеп туралы Абайдың қандай өлеңдерін немесе қара сөздерін білесің?

Абайдың 7, 10, 17, 32, 38-қара сөздерінде және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде әдеп, адамгершілік туралы айтылады.

100

Әдеп ұғымын алғаш ғылыми тұрғыда зерттеген ойшылдар кімдер?

Ежелгі грек философтары – Сократ, Платон, Аристотель.

200

Әдеп пен моральдың айырмашылығы неде?


Мораль – жалпы адамгершілік ұстанымдар мен нормалардың жиынтығы болса,

әдеп – сол моральдық қағидалардың күнделікті өмірдегі нақты көрінісі, яғни адамның өзін ұстауы мен сөйлеу мәдениеті.


200

Қазіргі жастардың әдеп мәдениеті қандай деңгейде деп ойлайсың?

Әркелкі. Көптеген жастар сыпайы, білімді, мәдениетті болса да, кейбірі әдеп нормаларын ұмытып жатады.

200

Қазақтың қандай мақал-мәтелдері әдеп туралы айтады?

«Әдепті бала — арлы бала», «Кішіпейілділіктен кісілік туады», «Сыпайылық – сырлы мінез».

200

Ежелгі грек философтары әдепті қалай түсіндірген?

Олар әдепті «ізгілік пен ақылдың бірлігі», яғни адамның мінезін реттейтін қасиет деп түсіндірген.

300

Адам өмірінде әдептің рөлі қандай?


Әдеп адамның қоғамда сыйлы болуына, жақсы қарым-қатынас орнатуына, бір-бірін құрметтеуге және бейбіт өмір сүруге көмектеседі.


300

Интернет пен әлеуметтік желіде әдеп сақтау неліктен маңызды?

Өйткені онлайн ортада да қарым-қатынас мәдениеті қажет. Басқаларды ренжітпеу, құрметпен пікір жазу – тұлғалық мәдениеттің көрінісі.

300

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген сөз нені білдіреді?

Бұл – қазақ халқының басты тәрбиелік қағидасы. Үлкенге сый-құрмет көрсету, кішіге қамқорлық білдіру – адамгершіліктің белгісі.

300

«Этика» терминін ғылымға енгізген кім?

Аристотель. Ол «Этика» еңбегінде адамгершілік пен мінез-құлықты зерттеген.

400

Әдепті адам қандай қасиеттерге ие болуы керек?


Әдепті адам:сыпайы,кішіпейіл,сабырлы, сыйластықты білетін,жауапкершілігі жоғары,өзге адамдарды құрметтейтін болуы керек.


400

Адамның сыртқы келбеті мен ішкі әдептілігі арасында байланыс бар ма?

Иә, бар. Ішкі мәдениет пен тәрбиелілік адамның сөйлесуінен, киімінен, өзін ұстауынан байқалады.

400

Әдеп нормалары қай жерлерде үйретіледі?

Отбасында, мектепте, қоғамда, достар арасында, тіпті интернет мәдениетінде де үйретіледі.

400

Әдеп пен адамгершілік мәселесін зерттеген қазақ ойшылдарын ата

Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ыбырай Алтынсарин.

500

Әдепсіздікке қандай мысалдар келтіре аласың?


Үлкенге дауыс көтеру;Амандаспау; Басқаны тыңдамау;Ұрыс-керіс шығару;Қоғамдық орында дөрекі сөйлеу.


500

Егер біреу сені ренжітсе, әдептілікті сақтап қалай жауап беруге болады?

Сабырмен, дауыс көтермей, сыпайы түрде өз пікіріңді білдіру керек. Әдепті адам кек алмайды, түсіністікпен қарайды.

500

Адамның мәдениеттілігі мен әдептілігін қалай ажыратуға болады?

Мәдениеттілік – жалпы білім, сөйлеу, тәртіп деңгейі; ал әдептілік – адамгершілік, қарым-қатынас әдебі.

500

Әл-Фараби еңбектерінде әдеп туралы не айтқан?

Ол «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде адамның ізгілігі, парасаттылығы мен әдептілігі қоғамның дамуының негізі екенін айтқан.

M
e
n
u