Қазақ хандығы қашан және қай жерде құрылды?
1465–1466 жылдары Жетісуда, Шу мен Талас өзендерінің бойында құрылды.
Қазақстан тарихындағы тұңғыш көркем фильм қандай?
«Амангелді»
Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс оқиғалары бейнеленеді.
Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы мүше болды?
1992 жылы
Қазақстанның бірінші ғарышкері кім?
Тоқтар Әубәкіров.
Қазақстанның елтаңбасында қандай негізгі элементтер бар?
Шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпарлар.
Қазақ КСР-нің егемендігі туралы Декларациясы қай жылы қабылданды?
1990 жылы.
Париж көрмесінен кейін оның дауысы туралы француз газеттері сүйсініп жазған. Ол кім деп ойлайсыз?
Әміре Қашаубаев
2017 жылы Қазақстанда өткен халықаралық көрме қалай аталады?
EXPO-2017
Нобель сыйлығына ұсынылған қазақстандық жазушы кім?
Мұхтар Әуезов.
Мемлекеттік әнұранның қазіргі сөздерін жазған кім?
Нұрсұлтан Назарбаев және Жұмекен Нәжімеденов.
Қазақ жүздері:
Ұлы жүз – Жетісу өңірі,
Орта жүз – Орталық және Солтүстік Қазақстан,
Кіші жүз – Батыс Қазақстан.
Қазақтың ауыз әдебиеті қандай түрлерге бөлінеді?
Ертегі, жыр, мақал-мәтел, айтыс, жаңылтпаш, батырлар жыры, аңыз.
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Түркі мемлекеттері ұйымы
Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Ұлы күйші-композитор, «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» күйлерінің авторы кім?
Құрманғазы Сағырбайұлы
Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?
1992 жылы 4 маусымда.
«Қасым ханның қасқа жолы» дегеніміз не?
«Қасым ханның қасқа жолы» — алғашқы қазақ заңдар жинағы.
Ұлы жазушы, драматург, ғалым. «Абай жолы» арқылы қазақ мәдениетін әлемге танытты. Қандай тұлға туралы айтылып тұр?
Мұхтар Әуезов
Қазақстанның көршілері:
Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан.
Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаушы суретші кім?
Әбілхан Қастеев
Тудың сол жағындағы өрнек нені көрсетеді?
Ұлттық мәдениет пен дәстүрді бейнелейтін қазақтың ою-өрнегі.
Алаш партияның жетекшілері кімдер болды?
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар, Мұстафа Шоқай және т.б.
ЮНЕСКО тізіміне енген Қазақстанның мәдени мұралары қандай?
Айша бибі кесенесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, қазақ күй өнері, айтыс.
«Қазақстан – 2050» стратегиясының мақсаты:
Елді дамыған 30 елдің қатарына қосу.
Қазақтың тұңғыш ұстазы, ағартушы, алғашқы мектептердің негізін қалаған педагог кім?
Ыбырай Алтынсарин
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі қалай реттеледі?
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» заңмен.