Бунақденелілер дегеніміз не?
Бунақденелілер – денесі бас, көкірек және құрсақ бөліктерінен тұратын ұсақ жануарлар.
Бунақденелілердің дамуы неге «түрленіп даму» деп аталады?
Себебі олар өмірінің әр кезеңінде сыртқы пішіні мен тіршілігі мүлде өзгереді.
Бунақденелілердің дамуы қандай кезеңдерден тұрады?
Бунақденелілердің дамуы 4 кезеңнен тұрады: жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ – ересек жәндік.
Шегіртке мен көбелектің дамуында айырмашылық бар ма?
Иә, шегіртке қуыршақсыз дамиды, ал көбелек қуыршақ арқылы дамиды.
Көбелек қалай дамиды?
Көбелек алдымен жұмыртқадан шығады, содан кейін дернәсіл (жұлдызқұрт) болады, кейін қуыршаққа айналып, соңында көбелек болып ұшады.
Бунақденелілер не арқылы көбейеді?
Бунақденелілер жұмыртқа арқылы көбейеді.
Дернәсіл кезеңінде жәндік не істейді?
Дернәсіл кезеңінде жәндік көп тамақтанады және өседі.
Бунақденелілер табиғатқа қандай пайда тигізеді?
Кейбір бунақденелілер өсімдіктерді тозаңдандырады, топырақты құнарландырады.
Қуыршақ кезеңінде не болады?
Қуыршақ кезеңінде жәндік қозғалыссыз жатады, бірақ ішінде үлкен өзгерістер жүреді – ол ересек жәндікке айналады.
Бунақденелілердің өмірі неге байланысты?
Олардың өмірі ауа райына, қорекке және мекен ету ортасына байланысты.