1
2
3
4
5
100

1. 2025-2026 оқу жылында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қандай сыныптар құрылуда?

2.Халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер түрлерін атаңыз. Орта міндетті білімді игерген 15 жастағы білім алушылар  қандай халықаралық зерттеуге қатысады?

1. 2025-2026 оқу жылында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бейіндік сыныптар құрылуда.

2. Халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS. Орта міндетті білімді игерген 15 жастағы білім алушылар  PISA халықаралық зерттеуіне қатысады.

100

1. TALIS қандай халықаралық зерттеу?


2. №130 бұйрыққа сәйкес орта мерзімді жоспарда қандай міндетті тармақтар болуы тиіс?

1. TALIS (Teaching and Learning International Survey) — мектептегі білім беру ортасы мен педагогтердің еңбек ету жағдайларын қарастыратын ең ауқымды халықаралық зерттеу.

2. №130 бұйрыққа сәйкес орта мерзімді жоспарда мынадай міндетті тармақтар болуы тиіс:

- бөлім / ортақ тақырыптар;

- сабақтың тақырыбы;

- оқыту мақсаттары;

- сағаттар саны;

- өткізу мерзімдері және ескертпе.

100

1. Инклюзивті білім беру дегеніміз не?

2. Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу қандай бақылау түрі? Тест тапсырмалары қандай бағыттарды қамтиды?

1. Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.

2. ББЖМ – білім беру ұйымдарынан тәуелсіз 4 және 9-сынып білім алушылары арасында МЖМБС сәйкес білім сапасын жүйелі бақылау.

Мониторинг компьютерлік форматта жүргізіледі және сауаттылықтың үш бағыты бойынша тест тапсырмаларын қамтиды: оқу, математика және жаратылыстану.

100

1.Педагогтік әдеп қандай ұғым?


2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына сәйкес қорытынды аттестаттауға қай сыныптардың білім алушылары жіберіледі?

1. Педагогтік әдеп - педагогтердің ҚР-ның педагог мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген мінез-құлық нормалары.


2. Қорытынды аттестаттауға Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

100

1. ICILS қандай халықаралық зерттеу?

2. Бағалау критерийлері қандай мақсаттарға сәйкес әзірленеді?

1. ICILS– әлемдегі әртүрлі елдердің 8-сынып білім алушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылық деңгейін салыстыратын, сонымен қатар ұлттық білім беру жүйелерінің айырмашылығын анықтайтын халықаралық зерттеу.

2. Бағалау критерийлері әрбір оқу бағдарламасындағы оқыту мақсаттарына сәйкес әзірленеді.

200

1. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау қандай рәсім?


2. Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мұғалімдер сабақты жоспарлауда екі құжатты жүргізеді. Ол қандай құжаттар?

1. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.


2. Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мұғалімдер сабақты жоспарлауда екі құжатты жүргізеді:

1. Пәндер бойынша орта мерзімді  (КТЖ) жоспар

2. Қысқа мерзімді жоспар

200

1. Бейінді оқыту дегеніміз не?

2. Сабақта өзін-өзі бағалауды қалай жүргізуге болады?

1. Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.

2. Сабақта өзін-өзі бағалауды:

1. Тапсырманы, жаттығуды орындау барысын немесе дұрыс жауабын анықтау кезінде.

2. Тапсырманың орындалуын анықтау кезінде: тапсырманы немесе жаттығуды орындауда сыныптасының немесе педагогтың көмегін басшылыққа алды ма?

3. Оқытылатын тақырып бойынша меңгерілген білік пен дағдыларды анықтау кезінде.

 4. Орындалған тапсырманың, жаттығудың деңгейін анықтау кезінде.

200

1. Шағын жинақты мектептердің қай сыныптарында біріктіріліп оқыту қарастырылмаған?

2. Бағалаудың түрлерін атаңыз.

1. Бірінші сынып, бітіруші сыныптың білім алушыларын басқа сыныптарымен біріктіріп оқыту қарастырылмайды.

2. Бағалаудың екі түрі бар.

1. Оқуды бағалау (суммативтік немесе жиынтық)

2. Оқыту үшін бағалау (формативтік немесе қалыптастырушы).

Оқыту үшін бағалаудың бірнеше түрі бар:

1. Өзін-өзі бағалау;

2. Өзара бағалау:

3. Топтық бағалау;

4. Критериалды бағалау.

200

1. Педагогтер жиынтық бағалау тапсырмасын құрастыру кезінде қандай қағидатты сақтауы керек?


2. TIMSS қандай халықаралық зерттеу?

1. Педагогтер ЖБ тапсырмасын құрастыру кезінде, білім алушылар оларды орындау кезінде академиялық адалдық қағидатын сақтауы маңызды.

2. TIMSS (ағыл.Trends in Mathematics and Science Study) – әлемдегі әртүрлі елдердің бастауыш мектептің 4-сынып білім алушыларының және 8-сынып білім алушыларының математика және жаратылыстану-ғылыми білім алу сапасы мен деңгейін салыстыратын, сонымен қатар білім алушылардың жетістіктерінің әртүрлі деңгейлерін анықтайтын білім беру жүйелерінің ерекшелігін анықтайтын халықаралық зерттеу.

200

1. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай қарай оқу бағдарламаларына бөлінеді?

2. Тәлімгерлік қандай қызмет?

1. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

2) бастауыш білім беру;

3) негізгі орта білім беру;

4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.


2. Тәлімгерлік - педагог лауазымына жұмысқа алғаш қабылданған адамға кәсіби бейімделуге практикалық көмек көрсету бойынша орта білім беру ұйымдарында тәлімгердің ақы төленетін қызметі.

300

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы неше баптан тұрады?


2. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі қай бұйрықпен бекітілген?

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 68 баптан тұрады.

2. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген.

300

1. Ауыл мектебінің әлеуетін дамыту бойынша  қандай республикалық жоба жүзеге асырылуда?

2. 2025-2026 оқу жылында бастауыш білім беру деңгейі бойынша жұмыс оқу жоспарында қандай ерекшелік ескерілді?

1. Ауыл мектебінің әлеуетін дамыту бойынша «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда.

2.«Көркем еңбек» пәнін кезең-кезеңімен бөлу шеңберінде 4-сыныпта «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» жеке оқытылады, әрқайсысына аптасына 1 сағаттан бөлінеді.

300

1. Бағалау критерийлері дегеніміз не?

2. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты қандай?

1. Бағалау критерийлері – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты көрсеткіштер.

2. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты - оқушыларға адалдық, еңбекқорлық, патриотизм қасиеттерін сіңіру, мектеп пен қоғам арасындағы байланысты нығайту.

M
e
n
u