Банк парольді сұрап хат жіберді. Бұл не?
Фишинг
Scam хабарламаларының ең жиі қолданатын тактикасы қандай?
Үлкен сыйақы немесе жеңіл пайданы уәде ету арқылы.
HTTPS протоколының болуы қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете ме?
Жоқ, ол тек деректерді шифрлайды, бірақ сайттың шынайылығына кепілдік бермейді.
Fake аккаунттар не үшін жасалады?
Жалған ақпарат тарату, алаяқтық немесе манипуляция мақсатында.
Кибербуллинг дәстүрлі буллингтен қалай ерекшеленеді?
24/7 жалғасады, анонимді болуы мүмкін және кең аудиторияға тез таралады.
"Жедел қауіпсіздік тексерісі!Төмендегі сілтемеге өтіңіз"- Бұл қандай белгі?
Бұл фишингтік сілтеме
Fraud схемаларында әлеуметтік инженерия қандай рөл атқарады?
Қауіпті сілтеме қандай техникалық әдіспен жасалуы мүмкін?
URL-masking: ұзын немесе шатастыратын сілтемелерді қысқа әрі қауіпсіз етіп көрсету.
Соц-желідегі биометриялық деректерді (фото, дауыс) жариялау неге қауіпті?
Олар deepfake жасауға немесе аккаунт бұзу әрекеттеріне қолданылуы мүмкін.
Токсикалық коммуникация қандай эмоционалдық зардаптарға әкеледі?
Жүйке шаршау, уайым, өзіне деген сенімнің төмендеуі.
Фишинг хатты қалай тануға болады?
Қате грамматика, күмәнді веб сілтемелер , жедел әрекетке мәжбүрлейді.
Онлайн-төлем алаяқтығын анықтаудың негізгі белгісі қандай?
Алдын ала төлем талап ету және сатушының ресми деректерінің болмауы.
Typosquatting дегеніміз не?
Ресми сайтқа өте ұқсас, бірақ бір-екі әрпі өзгертілген жалған веб-сілтеме қолдану.
«Social engineering» әлеуметтік желілерде қалай көрінеді?
Сенімге кіру, достық қарым-қатынас құру арқылы пайдаланушының деректерін алу.
«Cancel culture» феномені қалай түсіндіріледі?
Қоғамдық қысым арқылы адамды әлеуметтік ортадан «жою».
Хаттағы веб-сілтеме: "secure.bank.kz.help" Қауіпсіз бе?
Жоқ, бұл ресми веб-сілтеме емес.
Investment fraud (қаржылық инвестициялық алаяқтық) қалай танылады?
Жоғары табыс, төмен тәуекел және шұғыл шешім қабылдауды талап ету сипатында.
Drive-by download шабуылы қалай жұмыс істейді?
Пайдаланушы сайтты ашқан бойда зиянды файл автоматты түрде жүктеледі.
Shadow profiling дегеніміз не?
Платформалар адамның өзі тіркелмесе де, оның деректеріне негізделіп профиль құруы.
Online harassment-тің негізгі түрлері қандай?
Қорқыту, қудалау, интимдік ақпаратпен шантаж жасау, жала жабу.
Фишингтен қорғанудың ең сенімді жолы?
Сілтемеге өтпей,ресми сайтқа кіріп өзіңіз тексеру.
«Құқық қорғау органдарынанмын» деген алаяқтық қоңыраулар неге қауіпті?
Қорқыту және қысым арқылы адамның логикалық ойлау қабілетін әлсіретіп, ақша аудартуға мәжбүрлейді.
Фишингтік сілтеменің метадеректерін тексеру не үшін қажет?
Орналасқан сервердің елін, IP адресін, иесін талдап, сайттың шынайылығын анықтау үшін.
Алгоритмдік манипуляция жастардың ақпарат қабылдауына қалай әсер етеді?
Контентті іріктеп көрсетіп, дүниетанымды тарылтады және ақпаратты біржақты қабылдауға әкеледі.
Токсикалық онлайн-ортадан қорғанудың ғылыми негізделген стратегиясы қандай?
Цифрлық гигиена, эмоциялық өзін-өзі реттеу, блоктау және дәлел жинау.