Кибербуллинг дегеніміз не?
Интернет, әлеуметтік желілер, чаттар арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау немесе мазалау әрекеттерінің жиынтығы.
Анонимдік кибербуллингке қалай әсер етеді?
Адам өз әрекетіне жауапкершілікті сезінбейді; агрессияны ашық көрсету оңайлайды.
Мұғалім кибербуллинг көрген оқушыға бірінші болып не істеуі керек?
Оқушымен жеке сөйлесіп, эмоционалдық қолдау көрсету.
Кибербуллинг дәстүрлі буллингтен несімен ерекшеленеді?
Ол интернетте 24/7 жалғасуы мүмкін және агрессор аноним болып қала алады.
Кибербуллингтің психологиялық салдары қандай?
Сенімсіздік, депрессиялық күй, жалғыздық, оқу үлгерімінің төмендеуі.
Кибербуллинг дәлелдерін неге сақтау қажет?
Әкімшілік шара қолдану және құқықтық процестер үшін қажет.
Кибербуллингке қандай онлайн платформалар жиі қолданылады?
Instagram, TikTok, WhatsApp, Telegram, онлайн ойындар және пікір алаңдары.
Кибербуллингтің академиялық салдары қандай болуы мүмкін?
Мотивация төмендеп, мектепке барудан қорқуы мүмкін.
Сыныпта алдын алу жұмысы қалай жүргізілуі керек?
“Қауіпсіз интернет”, “цифрлық этика” бойынша тұрақты әңгіме, тренинг, дөңгелек үстел өткізілумен қатар осы тақырыптарда тәрбие сағаттары
Кибербуллинг жасөспірім үшін неге қауіпті?
Өзін-өзі бағалау төмендеп, үрей, ұйқысыздық, жалғыздық сезімі күшеюі мүмкін.
Осындай салдарды жағдайды болдырмауда педагог қандай рөл атқарады?
Мәселені ерте анықтап, қолдау көрсетіп, психолог пен ата-ананы жұмылдырады.
Мектеп саясатында қандай ереже болу керек?
“Онлайн мінез-құлық кодексі”, оқушылардың құқықтары мен жауапкершілік ережелері.
Болашақ педагог кибербуллинг ұғымын білуі не үшін қажет?
Өйткені ол оқушының мінез-құлқындағы өзгерістерді ерте байқап, психологиялық қауіптің алдын ала алады.
Кибербуллингтің алдын алуда отбасы не істей алады?
Ашық қарым-қатынас орнату, баланың интернетін бақылау, қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Педагог кибербуллингті байқаса, кімдермен бірлесіп жұмыс істейді?
Психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі және ата-аналар.