Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
Теңге
Салық дегеніміз не?
Мемлекетке міндетті, қайтарымсыз түрде төленетін төлем.
Қаржылық алаяқтық дегеніміз не?
Адамды алдап, оның ақшасын немесе деректерін заңсыз иемдену.
Несие беруші кім?
Ақша немесе мүлікті беретін жеке немесе заңды тұлға (мысалы, банк).
Стартап дегеніміз не?
Жаңа, тез өсуге бағытталған инновациялық бизнес жоба.
Ақша тарихында айырбас (бартер) ең алғаш қандай материалдан жасалған?
Мыс немесе басқа металлдар
Салықты кім жинайды?
Мемлекеттік салық органдары.
Жалған лотерея, сыйлық ұтысы — бұл қандай алаяқтық?
Психологиялық алдау (фишинг/лототрюк).
Пайыздық мөлшерлеме (процент ставка) не үшін қолданылады?
Несие үшін төленетін қосымша ақша мөлшерін анықтау үшін.
Инкубатор дегеніміз?
Стартаптарды бастапқы кезеңде қолдайтын орталық.
Монеталар мен банкноттардың басты айырмашылығы неде?
Монеталар металлдан, банкнот қағаздан жасалады.
Қазақстанда салық төлеуді қандай құжат реттейді?
Жауабы: Салық кодексі.
Фишинг деген не?
Жалған сайт немесе хабарлама арқылы мәлімет ұрлау.
Несие тарихы (кредитная история) несие алу процесіне қалай әсер етеді?
Несие тарихы жақсы болса, банк несие беруге оң баға береді; нашар болса, несие алу қиындайды.
Стартаптың негізгі мақсаты?
Нарықтағы мәселені шешу және масштабталатын бизнес құру.
Қазақстан теңгесі қашан айналысқа енгізілді?
1993
Әлеуметтік төлемдер нешеге бөлінеді?
Әлеуметтік жарна, әлеуметтік аударым, зейнетақы жарнасы, міндетті медициналық сақтандыру.
«Социальная инженерия» дегеніміз не?
Адамның психологиясын пайдаланып мәлімет немесе ақша алу әдісі.
Несие төлемдерін уақытында жасамаудың салдары қандай?
Қосымша айыппұл, несие тарихының нашарлауы, кейде сотқа дейінгі іс-шаралар.
Акселератор не істейді?
Стартаптың дамуын жылдамдатады, менторлық береді.
Инфляция кезінде ақша құны қалай өзгереді?
Төмендейді
Прогрессивті салық жүйесі қалай жұмыс істейді?
Табыс өскен сайын салық мөлшері де өседі.
«Сенім телефоны» деген не және не үшін керек?
Қауіпті жағдайларды хабарлау және күмәнді сілтемелерді тексеру.
Кепілдік деп не айтады?
Несие алушы оны төлемесе, банк пайдалана алатын мүлікті.
Venture Capital (VC) деген не?
Жоғары тәуекелді стартаптарға құйылатын инвестиция түрі.