Қазақ тілінде неше әріп бар?
42 әріп
Қазақтың ұлттық тағамдары?
Бешбармақ, Қазы, Қуырдақ, Қымыз, Баурсақ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні?
1991 жылы 16 желтоқсан
Қазақтың төрт түлік малын ата.
(түйе, жылқы, сиыр және қой)
Абайдың неше қара сөзі бар?
45
Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
1) көптік жалғау
2) тәуелдік жалғау
3) септік жалғау
4) жіктік жалғау
Қазақ тіліндегі ең қысқа сөз?
"У"
ҚР-ның мемлекеттік рәміздері.
(ту, елтаңба және әнұран)
Қазақтың қандай ұлттық Аспаптар/Ойындар/Спорт түрлерін білесің?
Домбыра, Қобыз, Асық, Тоғызқұмалақ, Көкпар, Қазақ күресі, Алтыбақан
Абайдың шын есімі?
Ибраһим

Қазақ тілінде неше септік бар?
Атау септік. Ілік септік. Барыс септік. Табыс септік. Жатыс септік. Шығыс септік. Көмектес септік.
Қазақ тіліндегі ең ұзын сөз?
"қанағаттандырылмағандықтарыңыздан"
Қазақстанда неше облыс бар?
17![]()
Балаға қатысты қандай салт-дәстүр білесің?
1. Кіндік кесу 2. Ат қою 3. Шілдехана 4. Бесікке салу 5. Қырқынан шығару 6. Тұсаукесер 7. Тілашар
Қазақтың үш биін атап шық.

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
Ауыспалы осы/келер шақ қалай жасалады?
-а, -е, -й (и) қосымшалары және жітік жалғау арқылы жасалады. Мысалы: бар+а+мын
Жылдың он екі айын атап шық.
(наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Қазақстан Республикасының тұңғыш астанасы?
Алматы
Наурыз көженің құрамы?

"Кел, балалар, оқылық" деген өлеңді жазған кім?

Ыбырай Алтынсарин — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Кімге? Неге? деген сұрақтарға жауап беретін септік қалай аталады?
Барыс септік
Наурыз қашан және қалай тойланады?

Тұңғыш қазақ ұлтынан шыққан ғарышкер?
Тоқтар Әубәкіров

Киіз үйдің негізгі құрылымдық бөліктері?
Шаңырақ
Уық
Кереге
Есік

"Менің атым Қожа" повесінің авторы кім?

Бердібек Соқпақбаев