Желтоқсан оқиғасы қай жылдары өтті?
1986
Желтоқсан оқиғасы неше күнге созылды?
3
1986 жылғы 16 желтоқсанда қандай шешім қабылданды?
Дінмұхамед Қонаев қызметтен босатылып, оның орнына Геннадий Колбин тағайындалды
Жастар қандай ұрандар айтты?
«Әр ұлтқа – өз басшысы!», «Қазақстан – қазақтікі!» деген ұрандар айтты
Наразылыққа кімдер қатысты?
Студенттер мен қазақ жастары қатысты
Желтоқсан оқиғасынан кейін жастарға қандай қысым көрсетілді?
Қамауға алынды, соққыға жығылды, оқудан және жұмыстан шығарылды
жастар қай жерде жиналды?
Алматыдағы Брежнев алаңында (қазіргі Республика алаңында)
Геннадий Колбиннің тағайындалуы неге халық наразылығын тудырды?
Себебі ол Қазақстанды білмейтін, жергілікті халықтан шықпаған басшы болды
Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасының тарихи байланысы қандай?
Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздікке апаратын жолдың бастамасы болды
Қайрат Рысқұлбеков не үшін қудалауға ұшырады?
Желтоқсан көтерілісіне қатысып, әділетсіздікке қарсы ойын ашық білдіргені үшін
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда қандай маңызды өзгерістер болды?
Мемлекеттік рәміздер қабылданды, ұлттық валюта теңге енгізілді, Әнұран бекітілді
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы неде?
Ол қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянып, еркіндікке ұмтылғанын көрсетті