М
И
Ф
🧠
200

5 дәптер және 2 блокнотқа 240 теңге төленді. Егер 2 дәптер 1 блокноттан 15 теңге қымбат болса, онда дәптер мен блокнот жеке-жеке неше теңгеден тұрады?


30тг, 45тг

200

Керей 195 санын 20% -ға кемітті де, оның 75% -ын есептеп тапты. Керей қандай санды есептеп тапты?


117

200

50 жолаушы бар автобустан 5 әйел, 5 ер кісі түскенде, қалған ер кісілердің саны әйелдерден үш есе артық болып шықты. Сонда ең басында автобуста қанша еркек жолаушы болғанын анықтаңыз.


35

200

Шешесі 42-жасқа келгенде үлкен қызы 19, ортаншысы 11, кенжесіне 2 жас толды. Қанша уақыттан кейін шешесінің жасы үш қызының жасының қосындысына тең болады?


5

300

Футбол командасындағы 11 ойыншының орташа жасы 22 – де. Ойын кезінде 1 ойыншы ойыннан шығып қалғаннан кейін, қалған ойыншылардың орта жасы 21 болды. Ойыннан шыққан ойыншының жасы нешеде екендігін анықтаңыз


32

300

«Егер менде қазіргі бар алмаға қарағанда 4 алма артық болса, онда менің алмам сендегінен 2 есе артық болар еді» -деді Алижан Аяулымға. Егер балалардың екеуінде барлығы 26 алма болса, Алижанда қанша алма болғанын анықтаңыз.


16

300

Құрамында 65% су болатын алмұртты кептірген кезде массасының 50%-ын жоғалтады. Кептірілген алмұрттың құрамында қанша пайыз су бар екенін табыңыз.


30% су бар

300

Қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарлардың барлық саны 50. Қызылдан басқа шарлар саны 35, жасылдан басқа шарлар саны 40, көктен басқа шарлар саны 37. Осы шарлардың ішінен кездейсоқ алынған бір шардың сары түсті болмау ықтималдығын табыңыз.


0,76

400

Мектеп викторинасына қатысушыларға 30 сұрақ ұсынылды. Дұрыс жауап бергендерге 13 ұпай қосылады, ал дұрыс емес жауаптар үшін 10 ұпай алынып тасталынады. Қатысушылардың бірі барлық сұрақтарға жауап беріп, барлығы 160 ұпай жинады. Ол неше сұраққа дұрыс жауап берді?


20

400

Таксопарктің 12 қара, 8 жасыл және 3 ақ түсті таксилері бар. Тілек әуежайға бару үшін осы таксопаркқа таксиге тапсырыс берді. Тапсырыс бойынша кездейсоқ жіберілген таксидің қара түсті такси болу ықтималдығын табыңыз.


12/23

400

Егер бірінші насосты 2 сағатқа, ал екінші насосты 3 сағатқа қосатын болсақ, онда бактің 90%–ы суға толады. Егер керісінше бірінші насосты 3 сағатқа, ал екінші насосты 2 сағатқа қоссақ, онда бактің 70%–ы суға толады. Екі насос бірігіп, 1 сағатта бактің қандай бөлігін суға толтыратынын табыңыз.


32%

400

Мектептегі мұғалімдер мереке қарсаңында бір-біріне гүл шоқтарын сыйлады. Егер 1806 гүл шоқтары сыйланған болса, мектептегі мұғалімдер саны қанша?


43

500

Моторлы қайық өзен ағысымен 36 км, ал өзен ағысына қарсы 8 км жол жүріп, барлық жолға 2 сағат жұмсады. Егер қайық өзен ағысымен 33 км, ал өзен ағысына қарсы 6 км жол жүзсе, онда ол барлық жолға 1 сағат 45 минут жұмсар еді. Қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.


20км/сағ

500

Арифметикалық прогрессияның тоғызыншы мүшесін екінші мүшесіне бөлсе 5-ке тең, ал он үшінші мүшесін алтыншы мүшесіне бөлсе, онда толымсыз бөлінді 2-ге тең және 5 қалдық қалады. Прогрессияның бірінші мүшесі және айырмасын табыңыз.

а1=3 ; d=4.

500

Бір жанұяда бірнеше бала бар. Олардың жетеуі қырыққабатты, бесеуі ноқатты, алтауы сәбізді ұнатады. Олардың төртеуі қырыққабат пен сәбізді, үшеуі қырыққабат пен ноқатты, екеуі сәбіз бен ноқатты, ал біреуі қырыққабатты да, ноқатты да, сәбізді де ұнатады. Жанұядағы әрбір бала осы үш көкөністің кемінде біреуін ұнататын болса, осы жанұяда қанша бала бар?


10

500

Велосипедші 36 км жол жүріп өтуі керек еді. Екі сағат жол жүргеннен кейін, жолда 20 минутқа кідірді. Баратын жеріне кешікпеуі үшін жолдың қалған бөлігін бастапқы жылдамдықтан 6 км/сағ артық жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің бастапқы жылдамдығын табыңыз.


12км/сағ

M
e
n
u