Өмірбаян
Білім
Шығарма
Үзінді
100

Мұқағали өмір сүрген жылдар?( туған жылы, қайтыс болған жылы)

1931-1976 жыл аралығы

100

Мұқағали 1949 жылы көктемде кіммен отау құрады?

Лашынмен

100

Мұқағалидың қанша поэмасы бар?

Жауабы: 3

100

Үзіндіні жалғастырыңыз:

He сыйлайды, не береді келер күн?!

Не де болса, тірі тұрсам, көрермін. Өлеңді жалғастыр?

 

Жауабы: Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

200

Мұқағалидың анасының есімі кім?

Анасының есімі - Нағима.

200

1949 жылы “Қойшы бала - Әкітай”, “Қырман басында” деген өлеңдерін қай газетте жариялады?

“Советтік шекара” газетінде

200

Поэмаларының аттары қандай?

“Райымбек, Райымбек”

“Аққулар ұйықтағанда”

“Алтай - Атырау”


200

Үзіндіні жалғастырыңыз:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем…… өлеңді жалғастыр?…

……………..



Жауабы: Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

300

Мұқағали Мақатевтың руы кім?

Ұлы жүз Албан тайпасының Шоған абыз ұрпақтары - Алжан руынан шыққан.

300

1948-1949 жылдары қай оқу орнында білім алады?

С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факултетінде білім алады.

300

Мұқағалидың қандай танымал өлеедерін білесіз?Кем дегенде 5 өлеңін айтыңыз.

“Үш бақытым”

“Отан туралы”

“Елім барда”

“Шеше, сен бақыттысың”

“Қара өлең” т.б.

300

Үзіндіні жалғастырыңыз:

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

Мені мұндай бақытты жаратар ма?

……….

Жауабы: Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

400

Мұқағалидың артынан ерген бауырларының саны? Есімдерін атаңыз.

Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері — Тоқтарбай мен Көрпеш.

400

«Дариға, домбырамды берші маған» өлеңі кімге арналған?

Күйші Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариғаға

400

Мұқағалидың сөзіне жазылған қандай әндерді білесің?

“Отыздан асып барамын”

“Жас қайың”

“Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған…”



400

Шеше,

Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын!….. өлеңді жалғастыр

Бармын ғой,

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)

Аспанға жазам сенің есіміңді!!!

Шеше!

Сен бақыттысың, тербете бер,

Құба талдаи иілген бесігімді...

500

Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы неше жасында шыққан? 

33-жасында

500

Акынның 70 жылдығы қарсаңында жарық

көрген жыр жинағы калай аталады?


«Аманат»

500

Ақынның дүниеден өтер алдында жазған

шығармасы?

 «Реквием» атты толғау-өлең

500

Қалқам,

Мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен,

Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген…… өлеңді жалғастыр.

Жат жерді жастанғанда жазатайым,

Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.

...Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.

Түзу-түзу тілінген таспадайын,

Қамшы өремін таспадан басқадайын.

Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін.

Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын.

Іздемпаздық менің де бар өнерім,

Будан жасап бидай мен тары егемін.

Қазан-миым бәрін де қайнатады.

Дара қойып қазақтың қара өлеңін.

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...

M
e
n
u