«Кіші Қазан» (ЖАЛПЫ)
АУЫЛДЫ КЕҢЕСТЕНДІРУ
ЖЕРДІ ҚАЙТА БӨЛУ
БАЙЛАРДЫ ТӘРКІЛЕУ
Ф. И. ГОЛОЩЕКИН ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ
100

«Кіші Қазан» саясаты қай жылдары жүргізілді?

1925–1928 жылдары.

100

«Кіші Қазанның» басты міндеттерінің бірі не болды?

Қазақ ауылын кеңестендіру.


100

Жерді қайта бөлу қай қаулыға негізделді?

1926 жылғы 20 мамырдағы ҚазАКСР ОАК мен ХКК қаулысына.

100

Байларды тәркілеу «Кіші Қазанның» қандай қадамы болды?

Келесі қадамы.

100

Голощекин қашан Бірінші хатшы болып тағайындалды?

1925 жылы қыркүйекте.

200

«Кіші Қазан» ұранын ұсынған тұлға кім?

Ф. И. Голощекин.

200

1925 жылға дейін ауылдарда кімдердің ықпалы күшті болды?

Байлар мен дәулетті шаруалардың.


200

Жерді қайта бөлу қай жылдары жүзеге асырылды?

1926-1927 жж.

200

Тәркілеу туралы Декрет қашан қабылданды?

1928 жылы 27 тамызда.

200

Голощекиннің саясаты қандай жүйенің нығаюымен байланысты болды?

 Тоталитарлық жүйемен.

300

«Кіші Қазан» саясатының негізгі мақсаты қандай болды?

Қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүзеге асыру.


300

Ауылдық Кеңестерді құру үдерісі қай жылдары басталды?

1926–1927 жылдары.

300

Қанша шабындық жер қайта бөлінді?

1360 мың десятина.

300

Көшпелі аудандарда қанша малы бар байлар тәркіленді?

400 бастан көп.

300

 «Ұлтшыл-ауытқушылық» айыбы кімдерге тағылды?

С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Сұлтанов, Ж. Мыңбаев.

400

Голощекин қазақ ауылында қандай жағдай «орнамаған» деп есептеді?

Кеңес өкіметі орнамаған деп мәлімдеді.

400

Кеңестер құрамында қай топтардың үлесі арттырылды?

Кедейлер, батырақтар, әйелдер, коммунистер.


400

Қайта бөлінген жерлер кімдерге берілді?

Кедей шаруаларға.


400

Қанша бай шаруашылығы тәркіленді?

700-дей шаруашылық.

400

1928 жылы тұтқындалған Алаш зиялыларын атаңыз.

А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев.

500

«Қоныс аударушылар деревнясындағы азаматтық татулық және қазақ ауылындағы азамат соғысы» нені білдірді?

Қазақ ауылында әлеуметтік топтарды бір-біріне қарсы қоюды.

500

1928 жылға қарай Кеңестердің қанша пайызы жаңартылды?

50–60%.

500

Жерді қайта бөлу неге нәтиже бермеді?

Көшпелі мал шаруашылығы ерекшеліктері ескерілмеді, кедейлерде мал мен құрал болмады.

500

Тәркіленген малдың бір бөлігі кімдерге берілді?

Кедейлер мен батырақтарға.

500

 «Кіші Қазан» саясаты қазақ халқы үшін қандай болды?

Қайғылы, әлеуметтік жіктелуге әкелді.

M
e
n
u