Шымкент пен Түркістан қалаларының арасы 150 км. Картада олардың арасы 30 см болса, масштабты табыңыз.
1:500.000
Осыдан 5 жыл бұрын Мансур пен Азаматтың жастарының қосындысы 37 жас болды. Тоғыз
жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз.
65
ФИЛИППИН сөзіндегі əріптерді неше түрлі тəсілмен ауыстырып жазуға болады?
3360
Тоғызбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табыңыз.?
1260º
Меруерт апай қыры 5 см болатын ағаш текшенің сыртын бояп, қыры 1 см болатын кіші текшелерге бөлді. Бір жағы боялған кіші текшелердің санын табыңыз.
54
Бір адам жұмысты 20 күнде орындап бітіреді. Ал бригадамен қосылып істесе оған 4-ақ күн қажет. Бригада жұмысты неше күнде бітіреді?
5
Қораптың ішінде 14 қара түсті жəне 14 көк түсті қаламдар бар. Қораптың ішіне қарамай, бір− бірінен өзгеше түсті екі қалам шығару үшін ең көп дегенде қанша қалам шығару керектігін табыңыз.
15
Екі ойын сүйегі лақтырылды. Сүйектердің жоғарғы жағында шыққан сандардың екеуі де жай сан болуының ықтималдылығы?
1/6
Жылқышы қыстақтан шығып шығысқа қарай 15 м жүрді, содан кейін солтүстікке қарай 8 м жүріп тоқтады. Қыстақ тұрған жер мен жылқышы тұрған жердің арақашықтығы қанша метр екенін табыңыз.
17
Футбол добының көлемі 6912 см3 болса, радиусы неге тең?(π =3)
12
1, 7, 25, 79, .... тізбегінің алтыншы мүшесін табыңыз.
727
Мəдениет үйінің залында неше қатар болса, əр қатарда сонша орындық бар. Егер қатарсанын 2 есе арттырса жəне əр қатардағы орындықтар санын 6- ға кемітсе, онда залдағы орын саны 45-ке артады. Залда неше қатар бар?
15
Сыныпта 10 қыз жəне 4 ұл оқушы бар. Олимпиадаға баратын 2 қыз жəне 2 ұлды таңдаудың неше əдісі бар?
270
Тіктөртбұрыштың ұзындығын 25%-ға арттырып, ал енін 20%-ға кемітсе оның ауданы қанша пайызға өзгереді?
өзгермейді
Балаларға арналған ойынға Аян қағаздан конус тәрізді қалпақтар жасағысы келеді. Әр қалпақтың табанының радиусы 4 см, ал жасаушысы 10 см. Егер Аян 8 дана қалпақ жасағысы келсе, оған қанша см² қағаз қажет? (π = 3)
960
Қайық 80 км қашықтықты ағыс бойымен 4 сағ, ал ағысқа қарсы 8 сағ жүзді. Ағыстың жылдамдығын табыңыз.
5
70%-ы судан тұратын 100г қиярда 50%-ы су болу үшін, қанша суды буландыру қажет?
20 г
Шеңбер бойындағы 12 нүктені қолданып неше вектор құрастыруға болады?
132
Алихан таңғы жаттығуы үшін 5 км жол жүгіруі керек. Онда ол ұзындығы 150 м жəне ені 100 м болатын тік төртбұрыш секілді алаңды неше рет айналуы қажет екенін табыңыз.
10
Биіктіктері сәйкесінше 25 см және 48 см болатын цилиндр тәріздес шелек пен бөшкеде су бар.Шелекте бөшкеге қараганда үш есе аз су бар.
Олардын табан радиустарынын катынасын есептеніз
4:5
8 жұмысшы 6 күнде 96 орындық жасаса, 5 жұмысшы 4 күнде неше орындыққа кем жасайды?
56
Музыкалык платформадагы колданушылардын 60-ы поп музыка тындайды, 50-і рок музыка тындайды, 40-ы классикалык музыка тындайды, 25-і поп жэне рок тындайды, 15-і поп жэне классикалык музыка тындайды, 10-ы рок жане классикалык музыка тындайды, 5-еуі уш жанрды да тындайды. Платформада барлығы канша колданушы бар?
105
{1, 3, 5, 6, 2, 8, 0} цифрларын қолданып, неше үштаңбалы тақ сан құрастыруға болады. Цифрлар қайталанбайды
75
Диас 100 және 50 теңгелерді қағаз бетіне қойып, айналдыра сызып шыққанда екі шеңбер пайда болды. Үлкен шеңбердің диаметрі 2 см 4мм. Кіші және үлкен шеңберлер радиустарының қатынастары 3:4-ке тең. 50 теңгенің радиусы нешеге тең?
9 мм
Дина қаңылтырдан цилиндр тәрізді су жинайтын ыдыс жасағысы келеді (қақпағы жоқ). Ыдыстың биіктігі 80 см, ал табан радиусы 50 см. Динаға осы ыдысты жасау үшін қанша м² қаңылтыр қажет?
1,05π