Мұқағали Мақатаев қай жылы дүниеге келген?
9 ақпан 1931 жылы
Ақынның толық аты-жөні қандай?
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
Мұқағали Мақатаев қай жерде туған?
қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
ақын, жазушы, аудармашы
Ақын қай жылы дүниеден өтті?
1976 жылы, 27 наурызда.
Мұқағали қандай жанрларда шығармалар жазды?
Өлең, поэма, проза, аударма, әдеби сын.
Алғашқы өлеңдері қай газетте жарияланды?
«Советтік шекара» газетінде.
Мұқағали Мақатаев қандай шетел ақындарын аударған?
Уолт Уитмен, Уильям Шекспир, Данте Алигьери.
Мұқағали Мақатаев шығармаларын туындыларын ата
«Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек!», «Моцарт. Жан азасы».
Неге Мұқағалидың ата анасы оны Мұқағали деп атады?
Ақынның шын аты – Мұхаммедқали. Алайда ата-анасы пайғамбар атымен жүре беру ауыр болады деп ойлап, оны қысқартып, «Мұқағали» деп еркелеткен.
1949 жылы Мұқағали Мақатаев көктемде отау құрған жарының есімі
Лашын
Ақынның алғашқы туындыларын ата
Ақынның алғашқы өлеңдері:
«Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай» — аудандық «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949).
«Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951).
Туындының аты?
Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Фаризаға
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Бүгін менің туған күнім
Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға.
Ей, өмір
Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың, бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
Көрінер,мүмкін, кімге ерсі…
Өмір сүрейік алмасып/ Жас қайың