Қозғалысқа байланысты есептер
Фигураның ауданына байланысты есептер
Пайызға байланысты есептер
Комбинаторика есептері
Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер
10

Жылдамдығы 45 км/сағ көлік 3 сағатта қанша жол жүреді?

135 км

10

Тіктөртбұрыштың қабырғалары 8 және 4. Ауданын табыңыз.

32

10

80нің 45 пайызы нешеге тең?

36

10

Дорбада 8 ақ, 16 қара, 133 көк түсті қарындаштар бар. қараңғыда ең кемінде неше қарындаш алса, олардан бірдей түсті екі қарындаш міндетті түрде болуы мүмкіндігін табыңыз. 

4

10

Әкем 31 жаста болғанда мен 8 жаста болдым. Қазір әкемнің жасы менен 2 есе үлкен. Қазір мен неше жастамын?

23

20

А және В қаласынан қарама -қарсы екі көлік бір уақытта шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 80 км/сағ, екінші көліктің жылдамдығы 100 км/сағ. Екеуі 4 сағаттан кейін кездессе, екі қаланың ара қашықтығы неше километр?

720 км

20

Ромб диагональдары 4 және 6. Ромбтың ауданын табыңыз.

12

20

Қандай санның 35 пайызы 168 ге тең?

480

20

Екі ойын сүйегі лақтырылды. Сүйектердің жоғары жағында шыққан сандардың қосындысы 10 болатындай неше әдіс бар?

2

20

Аулада тауықтар мен қояндар жүр. Олардың саны 15, ал аяқтарының саны 44. Аулада неше қоян бар екенін анықтаңыз?

7

30

А қаласынан жылдамдығы 60 км/сағ болатын жүк көлігі шықты. Артынша 2 сағаттан соң жылдамдығы 80 км/сағ болатын жеңіл автокөлік шықса, жүк көлігін қанша уақытта қуып жетеді?

6 сағат

30

Тең бүйірлі трапецияның ауданы 24ке тең. Биіктігі 4. Орта сызығы нешеге тең?

16

30

Алманың өзіндік құны алдымен 10 пайызға көтеріліп, кейін 20 пайызға түскен. Өнімнің өзіндік құны қанша пайызға түскен?

12

30

0; 2; 4; 6; 7; 9 цифрларын пайдаланып, 300 ден үлкен неше үш таңбалы жұп сан құрастыруға болады? 

96

30

Асан, Үсен және Есен үшеуі базарға барды. Асан мен Үсен 320 теңге, Үсен мен Есен 250 теңге, ал Асан мен Есен 200 теңге жұмсады. Әрқайсысы неше теңдеген жұмсады? 

Асан - 185 теңге

Үсен - 135 теңге

Есен - 65 теңге

40

Шеңбер пішіндес алаңның ұзындығы 400 метр. Бірінші жүгірушінің жылдамдығы 13 м/сек, ал екінші жүгірушінің жылдамдығы 15 м/сек. Екеуі бір уақытта жүгіруді бастаса қанша уақыттан кейін екінші жүгіруші бәсекелесін қуып жетеді?

200 секунд

40

Үшбұрыштың екі қабырғасы 12 және 15. Арасындағы бұрыш 30 градус. Үшбұрыштың ауданы неге тең?

45

40

Тракторшы жыртуға тиісті жердің 70 пайызын жыртқанда 6 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жер жыртуға тиіс еді?

20 га

40

МАТЕМАТИКА сөзіндегі әріптердің орнын ауыстыру арқылы қанша сөз құрастыруға болады? Сөздердің мағынасы болуы шарт емес№ 

151200

40

Қызы туғанда шешесі 30 жаста, ал ұлы туылғанда 34 жаста болатын. Егер қазір үшеуінің жасын қосқанда 62 жас болса, ұлы неше жаста?

8

50

Қайықтың меншікті жылдамдығы 13 км/сағ, ағыс жылдамдығы 3 км/сағ. қайық ағыспен 3 сағат және ағысқа қарсы 3 сағатта жүрген жолдарының қосындысын табыңыз

78 км

50

Егер үшбұрыштың екі қабырғасы 15 және 24 , олардың арасындағы бұрыштың косинусы 3/5 болса, онда үшбұрыштың ауданын табыңыз

144

50

1 литр 6% дық сүтпен 3 л 2% дық сүтті араластырғанда қанша пайыздық сүт пайда болады?

3%

50

Сөреде Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" кітабының 4 томы, Балалар ертегісі және 7-сыныптың Алгебра кітабы тұр. Егерде "Көшпенділердің" 4 томы бірге тұруы керек болса, кітаптарды сөреге орналастырудың қанша әдісі бар?

144

50

Тракторшылар бригадасы 240 га жерді жырту керек еді. Бригада күндік жоспарын 1 га артық орындап, жұмысты жоспарлаған мерзімнен 8 күн бұрын бітірді. Бригаданың бастапқы күндік нормасы қанша гектар және жоспар бойынша барлық жұмысты неше күнде бітіруі тиіс еді? 

5 гектар, 48 күн

M
e
n
u