Картаны дайындау
Қашықтан өлшеу
Координат жүйелері
Координаттарды анықтау
Мақсатты көрсету тәсілдері
100

Картаны қосу кезінде шеттерді дұрыс қиюдың маңызы неде және қате қиылса қандай қиындықтар туындайды

Шеттерді дұрыс қию рамкалардың, координаттық сызықтардың дәл келуін қамтамасыз етеді. Қате қиылса – сызықтар сәйкес келмей, картадағы объектілердің орны бұзылады.

100

Неге нақты өлшеу дәлдігі графикалық дәлдіктен өзгеше болады?

Қағаздың деформациясы, баспа қателері және адам факторы әсер етеді

100

Неге тікбұрышты координат жүйесі әскери есептеулерде географиялықтан ыңғайлырақ?

Сызықтық өлшемдер қолданылады, есептеу жеңілдейді.

100

Неге координаттарды анықтауда циркуль қолданылады, ал линейкадан басым және бұл тәсілдің артықшылығы неде?  

Циркуль қашықтықты дәл көшіруге мүмкіндік береді, линейкада көзбен өлшеу қателігі көп. Бұл әсіресе секундтық дәлдік қажет болғанда маңызды.

100

Неге мақсатты квадрат бойынша көрсету тәсілі координаттарға қарағанда дәлдігі төмен, және ол қандай жағдайда жеткілікті болады?

Квадрат тек жалпы аймақты көрсетеді, нақты орынды емес. Бұл тәсіл дәлдік аса қажет емес кезде, мысалы, қарсыластың шамамен қай жерде екенін тез жеткізу үшін қолданылады. Артиллерия атысы сияқты жоғары дәлдік қажет болғанда бұл әдіс жеткіліксіз.

200

Картаны бүктеу тәсілі әскери жағдайда командирдің шешім қабылдауына қалай әсер етеді?  

Дұрыс бүктелген карта планшетке сыйып, тез ашылады. Қате бүктелсе – уақыт жоғалады, карта жыртылып, шешім қабылдау баяулайды.

200

Жер бедерінің еңістігі картадағы өлшеуге қалай әсер етеді?

Проекция қысқарады, сондықтан қосымша түзету коэффициенттері енгізіледі.

200

Әрбір зонадағы тікбұрышты координат жүйесі географиялық жүйемен қалай байланысады?

Бастапқы нүкте экватор мен осьтік меридианға бекітілген, сондықтан үйлесімділік сақталады.

200

Нүкте екі зона шекарасына жақын болса, координат қалай анықталады және бұл жағдайда қандай қосымша құралдар қолданылады?  

Картаның сыртқы рамкасындағы қосымша тор арқылы анықталады. Бұл тор көршілес зонаның координаттарын көрсетеді.

200

«Ұлу» әдісі квадрат бойынша көрсетуді қалай нақтылайды және оның артықшылығы неде?

«Ұлу» әдісі квадратты тоғыз бөлікке бөліп, мақсаттың орнын дәлірек көрсетеді. Бұл тәсілдің артықшылығы – қарапайымдылық пен қосымша нақтылық. Дәлдігі карта масштабына байланысты жүздеген метрге дейін жетеді, сондықтан ол жалпы квадратқа қарағанда сенімдірек.

300

Неге картаны көтергенде командир тек маңызды объектілерді ғана белгілейді, ал қалғандарын қалдырады?  

Маңызды объектілерді бөліп көрсету картадағы ақпаратты жеңілдетеді. Барлық объектіні белгілеу картадан негізгі бағытты табуды қиындатады.

300

Қай жағдайда курвиметр циркульден тиімді?

Қай жағдайда курвиметр циркульден тиімді?

300

Полярлық координаттардың артықшылығы неде?

Шағын аумақтағы мақсатты тез көрсетуге мүмкіндік береді.

300

Неге координат сызықтарының мәндері қысқартылып жазылады және бұл тәсілдің артықшылығы неде?  

Картаны артық цифрлармен толтырмау үшін, бірақ негізгі мәнді сақтап қалу үшін. Бұл картаны оқуды жеңілдетеді.

300

Радио арқылы ашық мәтінде мақсатты көрсету неге қауіпті және оны қалай жасырын етуге болады?

Ашық мәтінде координат немесе квадрат айтылса, қарсылас оны оңай түсініп, шара қолдана алады. Сондықтан жасырын ету үшін шартты белгілер мен кодтар қолданылады. Мысалы, километрлік сызықтарға өз әскер ғана білетін нөмірлер беріледі.


400

Картаны қосу кезінде парақтардың ұзын-қысқа болуы қандай себептен болады және оны қалай түзетуге болады?  

Қағаздың созылуы немесе қысқаруы себеп болады. Қысқа парақты желімдеп, сәл созып, дәл сәйкестендіреді.

400

Неге карта бойынша өлшенген жол ұзындығы жердегі нақты ұзындықтан қысқа шығады?

Жолдың ирелеңдері картада жеңілдетіліп беріледі, биіктік айырмашылықтары ескерілмейді.

400

Неге географиялық координаттар ұсақ масштабты карталарда қолайлы?  

Километрлік тор жоқ, ал ендік пен бойлық әмбебап көрсеткіш береді.

400

еографиялық координат секундқа дейін берілсе, нүкте қалай анықталады және бұл тәсілдің ерекшелігі неде?  

Минуттық рамкадағы секундтық бөліністер арқылы параллель мен меридиан жүргізіледі. Бұл тәсіл өте дәл нәтиже береді.

400

Квадрат бойынша жасырын мақсат көрсетудің ерекшелігі неде және ол қалай жүзеге асырылады?

Жасырын көрсету үшін квадраттарға шартты нөмірлер беріледі. Бұл нөмірлерді тек өз бөлімшелер біледі. Артықшылығы – қарсылас ақпаратты тыңдаса да, оны түсіне алмайды. Бұл тәсіл құпияны сақтауға мүмкіндік береді.


500

Танк немесе БТР ішінде картаны қолдану ерекшелігі неде?  

Жұмыс орны тар болғандықтан карта планшетке немесе арнайы орынға сыйымды болуы керек. Бұл командирге қозғалыста да тез бағдарлануға мүмкіндік береді.

500

Масштаб 1:25 000-нан 1:200 000-ға өткенде өлшеу дәлдігі қалай өзгереді?

Қателік артады: 13–25 м-ден 100–200 м-ге дейін.

500

Координаттарды бір зонадан екіншісіне көшіруде қандай қателіктер болуы мүмкін және оларды қалай болдырмауға болады?

  1. Әртүрлі бастапқы нүктелерге байланысты ығысу және зона нөмірін шатастыру. Бұл қателікті болдырмау үшін қосымша тор қолданылады.


500

Неге нүктені картаға түсіру үшін рамкадан сызық жүргізу қажет және бұл тәсілдің артықшылығы неде?  

Дәлдікті сақтау және көзбен шамалаудан қателікті болдырмау үшін. Бұл әсіресе артиллерия атысын басқаруда маңызды.

500

Неге шартты сызық бойынша мақсат көрсету танк бөлімшелеріне ыңғайлы және оның басты артықшылығы неде?

Шартты сызық картада алдын ала жүргізіледі, оған қатысты қашықтық пен бағыт көрсетіледі. Бұл тәсіл қозғалыс кезінде ыңғайлы, себебі ориентир табу қиын болуы мүмкін. Артықшылығы – қозғалыста да мақсатты тез әрі түсінікті көрсетуге мүмкіндік береді.

M
e
n
u