Жылдамдығы 45 км/сағ көлік 3 сағатта қанша жол жүреді?
135 км
Тіктөртбұрыштың қабырғалары 8 және 4. Ауданын табыңыз.
32
80нің 45 пайызы нешеге тең?
36
Дорбада 8 ақ, 16 қара, 133 көк түсті қарындаштар бар. қараңғыда ең кемінде неше қарындаш алса, олардан бірдей түсті екі қарындаш міндетті түрде болуы мүмкіндігін табыңыз.
4
Әкем 31 жаста болғанда мен 8 жаста болдым. Қазір әкемнің жасы менен 2 есе үлкен. Қазір мен неше жастамын?
23
А және В қаласынан қарама -қарсы екі көлік бір уақытта шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 80 км/сағ, екінші көліктің жылдамдығы 100 км/сағ. Екеуі 4 сағаттан кейін кездессе, екі қаланың ара қашықтығы неше километр?
720 км
Ромб диагональдары 4 және 6. Ромбтың ауданын табыңыз.
12
Қандай санның 35 пайызы 168 ге тең?
480
Екі ойын сүйегі лақтырылды. Сүйектердің жоғары жағында шыққан сандардың қосындысы 10 болатындай неше әдіс бар?
2
Аулада тауықтар мен қояндар жүр. Олардың саны 15, ал аяқтарының саны 44. Аулада неше қоян бар екенін анықтаңыз?
7
А қаласынан жылдамдығы 60 км/сағ болатын жүк көлігі шықты. Артынша 2 сағаттан соң жылдамдығы 80 км/сағ болатын жеңіл автокөлік шықса, жүк көлігін қанша уақытта қуып жетеді?
6 сағат
Тең бүйірлі трапецияның ауданы 24ке тең. Биіктігі 4. Орта сызығы нешеге тең?
16
Алманың өзіндік құны алдымен 10 пайызға көтеріліп, кейін 20 пайызға түскен. Өнімнің өзіндік құны қанша пайызға түскен?
12
0; 2; 4; 6; 7; 9 цифрларын пайдаланып, 300 ден үлкен неше үш таңбалы жұп сан құрастыруға болады?
96
Асан, Үсен және Есен үшеуі базарға барды. Асан мен Үсен 320 теңге, Үсен мен Есен 250 теңге, ал Асан мен Есен 200 теңге жұмсады. Әрқайсысы неше теңдеген жұмсады?
Асан - 185 теңге
Үсен - 135 теңге
Есен - 65 теңге