"Инфляция" дегеніміз не?
Тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі және ақшаның құнсыздануы.
"Кэшбэк" (Cashback) терминінің мағынасы қандай?
Сауда жасаған соманың белгілі бір бөлігін сатып алушыға қайтару.
Әлемдегі ең танымал криптовалюта?
Биткоин (Bitcoin).
Еліміздегі барлық банктерді бақылайтын және ақша-несие саясатын жүргізетін басты мекеме?
Ұлттық банк.
Ақшаны «бөліп төлеу» (рассрочка) мен «несиенің» (кредит) басты айырмашылығы неде?
Бөліп төлеуде артық төлем (пайыз) болмайды, ал несиеде пайыз төленеді.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қалай аталады және ол қай жылы енгізілді?
Теңге, 1993 жыл.
Қолма-қол ақша мен электронды ақшадан бөлек, соңғы жылдары пайда болған блокчейн технологиясына негізделген ақша түрі?
Цифрлық активтер
Қазақстанда 2021-2025 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізіліп жатқан, барлық азаматтардың табысын көрсетуін талап ететін процесс?
Жалпыға бірдей декларациялау.
Жеке кәсіпкерлер мемлекетке төлейтін міндетті төлемдер жиынтығы?
Салықтар
Жаңа, инновациялық идеяны жүзеге асыру үшін құрылған жас компания?
Стартап
Интернеттегі жалған сілтемелер арқылы сіздің банк деректеріңізді ұрлау әрекеті қалай аталады?
Фишинг (Phishing)
Қазақстанның қаржы жүйесіндегі "Екінші деңгейлі банктер" дегеніміз не?
Халыққа қызмет көрсететін коммерциялық банктер (Kaspi, Halyk және т.б.).
Смартфондағы биометриялық деректерді (Face ID, Fingerprint) қаржылық мақсатта қолданудың пайдасы?
Рұқсатсыз төлемдерден қорғау және қауіпсіздіктің жоғары деңгейі.
Салық төлеуден жалтарудың заң алдындағы салдары қандай?
Айыппұлдар, шоттарды бұғаттау және қылмыстық жауапкершілік.
Сіз қонақ үйдегі тегін интернетке қосылып, поштаңызды тексердіңіз. Дәл осы уақытта көрші бөлмеде отырған алаяқ арнайы бағдарламаның көмегімен сол интернет желісі арқылы өтіп жатқан барлық ақпаратты (парольдер, хаттар, файлдар) бақылап, өз компьютеріне жазып алды.
• Сұрақ: Бұл әдіс қалай аталады?
Снифферинг (Sniffering)
Квишинг деген не?
QR код арқылы фишинг
Қандай қор түрлері бар?
ETF, Пайлық инвестициялық қорлар, хедж-қорлар, венчурлық қорлар
Бағалы қағаздар (акция, облигация) сатылатын және сатып алынатын арнайы орын?
Қор биржасы (Фондовая биржа).
Интернет-дүкендерде қауіпсіз сауда жасау үшін негізгі картадан бөлек қандай карта ашқан дұрыс?
Виртуалды карта (Интернет-транзакциялар үшін).
Инвестициялар қалай бөлінеді?
Нақты және қаржылық
ҚР Ұлттық Банкі шығарған және қамтамасыз еткен ұлттық валюта нысаны. Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол емес ақшаның қасиеттерін біріктіріп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын да көздейді
Бүгін бір бөлкені нан 200 теңге тұрады. Егер жылдық инфляция 10% болса, тура бір жылдан кейін осы нанның бағасы қанша теңге болады?
220 теңге.
АХҚО (Астана Халықаралық қаржы орталығы) қашан құрылды?
2018 жылы
Сіздің досыңыз Telegram арқылы хабарласып: «Маған бір шоттан ақша түседі, соны сенің картаңа қабылдап, маған қолма-қол берші, саған 10% сыйақы беремін» деді. Сіз келістіңіз. Кейін бұл ақшаның Квишинг (QR-алаяқтық) арқылы ұрланғаны белгілі болды. Сіз бұл схемада кім болып есептелесіз және сізге қандай заңдық жауапкершілік қауіп төндіреді?
Сіз "Дроппер" (ақша тасушы) болып есептелесіз. Сіз алаяқтықтың барын білмесеңіз де, ҚР Қылмыстық кодексі бойынша "қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру" бабымен жауапқа тартылып, банк шоттарыңыз өмір бойына бұғатталуы мүмкін.
«Облигация» сатып алған адам мен «Акция» сатып алған адамның компания алдындағы құқықтық айырмашылығы неде?
Акция иесі — компанияның қожайыны (үлескері), ал облигация иесі — компанияға ақша берген несие беруші (қарыз иесі).