1-баған
2-баған
3-баған
100

Қазақстан жастарының қауымдастығы дегеніміз не?

Қазақстан жастарының қауымдастығы – жастардың мүддесін қорғайтын, олардың дамуына, білім алуына, қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасайтын ұйымдар мен бірлестіктердің жиынтығы.

100

Қазақстан жастары қауымдастығының негізгі мақсаты қандай?

Негізгі мақсаты – жастардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуетін дамыту, қоғамдағы белсенділігін арттыру және елдің дамуына үлес қосатын саналы ұрпақ қалыптастыру.

100

Көркем әдебиет тілінің басты ерекшелігі қандай?

Негізгі ерекшелігі – образдылық, эмоционалдылық және экспрессивтілік.

200

Жастар қауымдастығы қандай бағыттарда жұмыс жүргізеді?

Олар білім беру, еріктілік (волонтерлік), мәдениет, спорт, кәсіпкерлік және әлеуметтік жобалар бағытында жұмыс жүргізеді.

200

Көркем әдебиет стилінің тілі дегеніміз не?

Көркем әдебиет стилінің тілі – жазушының ойын, сезімін әсерлі жеткізу үшін қолданылатын бейнелі, көркем тіл.

200

Көркем тілде образдылық қалай жасалады?

Образдылық көркемдегіш құралдар (теңеу, эпитет, метафора, кейіптеу) арқылы жасалады.

300

Жастар ұйымдары қоғамға қандай пайда әкеледі?

Жастар ұйымдары қоғамда белсенді, жауапкершілігі жоғары азаматтардың қалыптасуына ықпал етеді, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі және елдің дамуына жаңа идеялар ұсынады.

300

Жастар қауымдастығына қатысудың артықшылығы неде?

Қатысушы өз қабілетін дамытады, жаңа білім мен тәжірибе алады, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырады және қоғамға пайдалы болуға мүмкіндік алады.

300

Эпитет дегеніміз не?

Эпитет – заттың, құбылыстың ерекше белгісін айқындап, көркемдеп көрсететін сөз.

400

Метафораның қызметі қандай?

Метафора заттарды немесе құбылыстарды ұқсастық негізінде ауыстырып, астарлы мағына береді.

400

Көркем әдебиет тілінде диалог не үшін қолданылады?

Диалог кейіпкерлердің мінезін ашу, оқиғаны жандандыру үшін қолданылады.

400

Авторлық баяндау мен кейіпкер тілінің айырмашылығы неде?

Авторлық баяндау – автордың тілі, ал кейіпкер тілі – кейіпкердің өзіне тән сөйлеу ерекшелігімен беріледі.

M
e
n
u