Статистика
Шын ба, өтірік па
Қызықты ақпараттар
Ақпарат
100

Күніне әлемде темекіге байланысты шамамен қанша адам қайтыс болады?


Шамамен 20 000-нан астам адам; жылына 8 миллионға жуық адам темекі салдарынан қайтыс болады.

100

Жасөспірімдердің 90%-ында ұйқы проблемалары болса, олар семіздікке бейім болады. Бұл шын ба, өтірік па?


Шын. Жеткіліксіз ұйқы метаболизмді бұзады, гормондарды теңгерімсіз етеді, бұл семіздікке әкелуі мүмкін. 


100

Стресс адамның тістеріне қалай әсер етеді? Неліктен стресстен кейін тістердің жағдайы нашарлауы мүмкін?

Стресс кезінде адам тістерді қысып, қызыл иекті зақымдайды; бұл қан кетуге және тістердің дұрыс жұмыс істемеуіне әкеледі

100

Адамның ең үлкен органы қандай?

Ең үлкен орган – тері, ауданы - 2 м².

200

Бір банка энергетикте шамамен қанша қант болады?

6–10 шай қасық (шамамен 25–40 грамм), кейбірінде одан да көп болуы мүмкін.

200

Адам өзін-өзі қытықтай алады. Шын ба, өтірік па?

Адам өзін-өзі қытықтауы мүмкін емес деуге болады. Өйткені біздің миымыз алдын ала қозғалысты болжап, сезімталдықты төмендетіп тастайды.


200

Темекі шегу адамның терісіне қалай әсер етеді және терісі өз жасынан қанша жасқа “ерте қартайғандай” көрінуі мүмкін?

Темекі шегу терінің икемділігін азайтады, жоғарғы қабаты қалыңдайды, түсі күңгірттеніп, сарыға жақындайды; орташа есеппен темекі шегетін адамның терісі өз биологиялық жасынан шамамен 7 жылға үлкен көрінеді.


200

Адам жүрегі тыныштық жағдайында минутына шамамен қанша литр қан айдай алады?

Шамамен 5 литр қан айдай алады.

300

Қазақстанда жасөспірімдер күніне орташа қанша сағат экранға қарайды?

5–9 сағат

300

Қол саусақтарының іздері(отпечаток) сияқты, әр адамның тілінің де ерекше іздері бар. Шын ба, өтірік па?

Шын. Бұл тіпті егіздердің тілдері бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін дегенді білдіреді.


300

Адамда күніне қанша шаш түседі?

Күніне 60–100 шаш түседі; одан көп болса, дәрігер-трихологқа қаралу керек.

300

Әлемдегі ең сирек кездесетін көз түсі қандай?

Ең сирек көз түсі – сұр, тек 1% адамда кездеседі.

400

Адам ағзасы судың қанша пайызынан тұрады?

Шамамен 60%; жасына байланысты өзгеруі мүмкін.


400

Әйелдердің жүрегі ерлерге қарағанда тез соғады. Шын ба ,өтірік па?


Шын. Әйел жүрегі минутына 78–82 рет, ерлердікі 70–72 рет соғады; әйел гормондары жүректі жылдамдатады.


400

Ғалымдар жас клеткаларды қорғап, ағзаны жасартуға көмектесетін 20 тағамды атады. Солардың 3-ін атаңыз.

Қара шоколад, шай, кофе, алма, қара қарақат, черника, брокколи, шие, помидор, гранат, апельсин, шабдалы, слива, малина, қызыл жүзім, қызыл пияз, шпинат, құлпынай, нан немесе дәнді дақылдардан ботқа, қызанақ

400

Адам ағзасы тағамды толық қорыту үшін қанша уақыт қажет?

Тамақ толық қорыту үшін шамамен 12 сағат, кейде ішекте бір күнге дейін қалады.

M
e
n
u