“Наурыз” сөзі парсы тілінде нені білдіреді?
«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда (نو روز — now «жаңа» + ruz «күн») «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.
"Көрісу күні" (Амал мерекесі) қашан тойланады, бұл күні қандай тілек айтылады?
Көрісу күні (Амал мерекесі) жыл сайын 14 наурызда тойланады.
Бұл күні адамдар бір-бірімен қол алысып, қыстан аман-есен шыққандарына қуанып, ізгі тілектерін айтады. Негізгі тілектер мен амандасу: "Бір жасыңызбен!", "Көрісу күні құтты болсын!", "Жылдан жылға аман-есен жете берейік!".
Наурыз күні табиғатта қандай өзгеріс болады ?
Күн мен түннің теңелуі
Дастарханға қойылатын қазақтың ұлттық тағамдары қандай?
Этнограф Болат Бопайұлы өз сөзінде Наурыз мейрамы кезінде дастарханға төрт ырыс қойылатынын айтады. Бұл "төрт құбыламыз тең болсын, төрткүл дүниеде төрт жұртымызбен (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты, ел жұрты) аман жүрейік" дегенді білдіреді екен.
"Қызыл ырыстан – ет тағамдары, ақ ырыстан- айран, қымыз, шұбат, қымыран, құрт, ірімшік, қаймақ, сары май, көк ырыстан - алма, жүзім, мейіз, өрік, т. б., ал дақыл ырыстан – нан, бидай, бұршақ, шелпек, бауырсақ сияқты дәмдер дастарханға толтыра қойылады.
Қазақтар Наурызды басқаша қалай атайды?
«Ұлыстың ұлы күні» – халықтың ең қасиетті, ең ұлық күні, жыл басы.
Наурыз мерекесінде ойналатын ұлттық ойындарды ата
"Қыз қуу", "Көкпар", "Жамбы ату","Аударыспақ", "Арқан тартыс", "Теңге ілу", және т.б.
Наурызек немесе наурызкөк деген не?
Наурыз мейрамы қарсаңында, күн мен түн теңелгенде оралатын құс, сондықтан оны «көктем жаршысы» деп атайды.
Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады? Оларды атаңдар
Наурыз көже — жеті түрлі дәмнен жасалатын қасиетті тағам.
Наурыз мейрамы қандай уақыттан бері тойланып жатыр?
Наурыз бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді.
Жеті қазынаны ата
Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:
Наурызша дегеніміз не?
Наурыздағы ашық күндері түсетін үлпілдек қар.
Бауырсақтың қандай түрлері бар?
Түйе, домалақ бауырсақ - бауырсақтың ең көлемдісі
Қиық бауырсақ - төртбұрышты бауырсақ
Ши бауырсақ - жіңішке ұзын бауырсақ
Құмалақ бауырсақ - шағын, кішкентай бауырсақ
Наурыз мерекесін қазаққа қайтарған кім?
Өзбекәлі Жәнібеков, Қазақстанның Орталық Комитетінің идеологиялық хатшысы
1926 жылы Наурызды тойлауға тыйым салынды, бірақ 62 жылдан кейін, 1988 жылы мереке Қазақстанда тағы да тойлана бастады.
“Селтеткізер” мен "Ұйқыашар" қандай дәстүрлер?
Наурыз тойында қыз-келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп, жақсы тағамдардан «Ұйқыашар» дайындаған. «Ұйқыашар» қыз-жігіттердің сезімін арттыра түсуіне себепші болған.
Ал, жігіттер «Ұйқыашардан» дәм татқан соң, қыз-келіншектерге айна, тарақ, әшекей бұйымдарын сыйлаған. Мұны «Селтеткізер» деп атайды.
Қазақ тілінде жасыл түсті неліктен «көк» деп атайды? Мысалы, көк шөп, көк майса, көк шығу
Ертеректе түркі тілдерінде "көк" сөзі тек аспанның түсін ғана емес, өсімдіктердің жасыл түсін де білдірген. Тәңір жаратқан - көк, адам жасаған - жасыл.
"Май қоңырсыту" қандай дәстүр?
Көшпелі халықта «май» ұғымы құттың, берекенің символы болғандықтан, дастарқанға алдымен май қойылатын.
Май қоңырсыту, иіс шығару - шелпек, бауырсақ пісіру, аруақтарды еске алу, садақа беру сияқты көне түсінікпен байланысты.