Дарынды бала деген кім?
Ерекше қабілеті бар, тез ойланып, жақсы нәтиже көрсететін оқушы.
Дарынды балалармен жұмыстың мақсаты қандай?
Қабілетін дамыту және қолдау.
Дарынды балаларды қалай анықтаймыз?
Бақылау, тест, олимпиада арқылы.
Дарынды балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттары қандай?
Білім беру, шығармашылық дамыту, ғылыми зерттеу, спорттық бағыт.
Мұғалім дарынды балалармен қалай жұмыс істеуі керек?
Жеке тапсырма беру, қосымша жұмыс ұйымдастыру, қолдау көрсету.
Қандай іс-шаралар дарынды балаларды дамытуға көмектеседі?
Олимпиада, конкурс, ғылыми жоба, үйірме.
Дарынды балалармен жұмыс жүйесіне не кіреді?
Анықтау → дамыту → қолдау → нәтижені бағалау.
Дарынды балалармен жұмыстың тиімді болуы үшін қандай шарттар қажет?
Жақсы мұғалім, қолайлы орта, мотивация, ата-ана қолдауы.
Неліктен дарынды балаларға жеке жұмыс қажет?
Өйткені олар тез дамиды, сондықтан ерекше тапсырма керек.