Компьютер құрылғылары
Ақпарат туралы түсінік
Ақпараттың өлшем бірлігі
HTML (HyperText Markup Language)
Интернет
100

Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыз.

  • Жүйелік блок
  • Монитор
  • Пернетақта
  • Тінтуір
100

Ақпараттың түрлері:

  • Мәтіндік (кітап, жазу)
  • Сандық (сандар)
  • Графикалық (сурет, сызба)
  • Дыбыстық (ән, сөйлеу)
  • Бейне (видео)
100

1 КБ неше байтқа тең?

1 КБ = 1024 байт

100

HTML дегеніміз не?

HTML (HyperText Markup Language) – веб-беттерді құруға арналған белгілеу тілі.

100

Интернет дегеніміз не?

Интернет – бүкіл әлемдегі компьютерлерді біріктіретін ғаламдық желі.

200

Жедел жад (RAM) дегеніміз не?

Жедел жад (RAM) – компьютер жұмыс істеп тұрған кезде уақытша ақпаратты сақтайтын құрылғы. Компьютер өшсе, ақпарат жойылады.

200

Ақпаратты қабылдау жолдары қандай?

  • Көру (көз)
  • Есту (құлақ)
  • Иіс сезу (мұрын)
  • Дәм сезу (тіл)
  • Сипап сезу (тері)
200

5 КБ неше байт болады?

5 × 1024 = 5120 байт

200

HTML құжатының негізгі құрылымы қандай?

<html>

<head>

    <title>Бет атауы</title>

</head>

<body>

    Мазмұн

</body>

</html>

200

Интернеттің негізгі қызметі қандай?

Ақпарат алмасу, байланыс жасау, білім алу және ойын-сауық.

300

Енгізу құрылғыларына қандай құрылғылар жатады?

  • Пернетақта
  • Тінтуір
  • Микрофон
300

Ақпараттың қасиеттерін атаңыз.

  • Дұрыстығы
  • Толықтығы
  • Өзектілігі
  • Түсініктілігі
  • Қолжетімділігі
300

3 МБ неше байт?

3 × 1024 × 1024 = 3 145 728 байт

300

<html>, <head>, <body> тегтерінің қызметі қандай?

  • <html> – бүкіл құжатты қамтиды
  • <head> – қызметтік ақпарат (атауы, стильдер)
  • <body> – браузерде көрінетін негізгі бөлік 
300

Веб-сайт дегеніміз не?

Веб-сайт – интернетте орналасқан бірнеше веб-беттердің жиынтығы.

400

Шығару құрылғылары дегеніміз не?

  • Монитор
  • Принтер
  • Дыбыс колонкалары
400

Ақпаратты сақтау құралдарына мысал келтіріңіз.

  • Қағаз (дәптер, кітап)
  • Компьютер
  • Флеш-жад
  • Қатты диск
400

2 МБ неше КБ?

2 × 1024 = 2048 КБ

400

HTML-де тақырып жазу үшін қандай тегтер қолданылады?

<h1>-ден <h6>-ға дейінгі тегтер қолданылады.

400

Браузер дегеніміз не?

Браузер – интернеттегі сайттарды көруге арналған бағдарлама.
Мысалы: Google Chrome, Edge.

500

Қатты диск не үшін қажет?

Қатты диск – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы. Оған файлдар, бағдарламалар сақталады.

500

Ақпарат көлемі қалай өлшенеді?

  • Бит
  • Байт
  • Килобайт (КБ)
  • Мегабайт (МБ)
  • Гигабайт (ГБ) 
500

5120 КБ неше МБ болады?

5120 ÷ 1024 = 5 МБ

500

Абзац құру үшін қандай тег қолданылады?

<p> тегі қолданылады.

500

Іздеу жүйесі дегеніміз не?

Іздеу жүйесі – интернеттен ақпарат іздеуге арналған қызмет.
Мысалы: Google, Yandex.

M
e
n
u