Барлық күштердің қосындысы нөл болса, қандай қозғалыс мүмкін?
Тыныштық немесе бірқалыпты қозғалыс
Масса 2 есе артса, сол күш әсерінде үдеу қалай өзгереді?
2 есе кемиді
Ішкі энергия неге тәуелді?
Температура мен бөлшектер қозғалысына
Кулон заңы бойынша күш неге тәуелді?
Заряд пен қашықтыққа
Бірқалыпты үдемелі қозғалыста жылдамдық уақытқа қалай тәуелді?
Сызықты: v = v0 + at
Лифт жоғары үдеумен қозғалғанда неге салмақ артады?
Тірек реакция күші артады: N = m(g+a)
4 кг денеге 8 Н және 6 Н қарама-қарсы бағытта әсер етеді. Үдеуді тап
a = 0.5 м/с²
Неге тық шайға металл қасық салсаң, қасық тез қызады?
Жылуөткізгіштік жоғары
Егер екі заряд арақашықтығы 2 есе артса, күш қалай өзгереді?
4 есе кемиді
Дене тыныштықтан қозғалып, 3 с ішінде 18 м/с жылдамдыққа жетті. Үдеуді тап.
a = 6 м/с²
Екі дене (m1=2 кг, m2=3 кг) жіп арқылы байланысқан және үйкеліссіз блоктан өтеді. m2 төмен түседі.Жүйенің үдеуін тап
a = (m2 - m1)g / (m1 + m2) = (3-2)*10 / (5) = 2 м/с²
Көлбеу жазықтық бұрышы 30°, масса 4 кг. Үйкеліс коэффициенті 0,1.Үдеуді тап.
a = g(sin30 - μcos30) ≈ 10(0.5 - 0.1×0.866) ≈ 10(0.5 - 0.0866) ≈ 4.13 м/с²
Екі дене: 2 кг (t=80°C) және 3 кг (t=20°C). Араластырғанда соңғы температураны тап.
t = (m1t1 + m2t2)/(m1+m2) = (2×80 + 3×20)/5 = (160+60)/5 = 44°C
Екі заряд: q1=2Кл, q2=8Кл. Ара қашықтық 2 м.Кулон күшін тап (k=9×10^9).
F = kq1q2/r² = 9×10^9 ×16 /4 = 36×10^9 Н
Дене жоғары 20 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Қанша уақыттан кейін ол бастапқы нүктеге қайта оралады?
t = 2v0/g = 2*20/10 = 4 с
Жолаушылар кемесі екі айлақ арасындағы 150 км қашықтықты ағыспен 2 сағатта, ал ағысқа қарсы 3 сағатта жүзіп өтеді.Тоқтап тұрған судағы кеменің жылдамдығын және өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
Кеменің тынық судағы жылдамдығы: 62,5 км/сағ
Өзен ағысының жылдамдығы: 12,5 км/сағ
Сым 450 кг жүкке шыдайды. Сым үзіліп кетпес үшін осы сымға ілінген массасы 450 кг денені қандай максимал үдеумен жоғары көтеруге болады?
Максимал үдеу: a = 0 м/с²
Бұл дегеніміз — денені үдеумен көтеруге болмайды ❗Себебі сым тек дененің салмағына ғана (450 кг) шыдайды.Егер аздап болса да жоғары үдеу берсек, керілу күші артып, сым үзіліп кетеді.
Іштен жану қозғалтқышының пайдалы жұмысы 2.10^4 кДж-ға тең. Осы кезде 2 кг бензин жұмсалды.Бензиннің жану жылуы: q = 46.10^6 Дж/кг.Қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) табыңдар.
25%
Нүктедегі өріс кернеулігі 300 Н/Кл. Егер заряд 1∙10-8 Кл-ға тең болса, онда оның нүктеге дейінгі қашықтығы
0,55 м
Автомобиль тыныштықтан қозғалып, бірқалыпты үдемелі қозғалыспен жолдың алғашқы 100 метрын 10 секундта өтеді.Содан кейін ол осы алған жылдамдығымен тағы 20 секунд бірқалыпты қозғалады.Одан кейін автомобиль бірқалыпты тежеліп, 5 секундта толық тоқтайды. Автомобильдің жалпы жүрген жолын табыңдар.
550 м