Есім ханның билік құрған жылдары
1598-1628
Индукциясы B = 0,05 Тл біртекті магнит өрісінде орналасқан, ұзындығы l = 20 см өткізгішке F = 0,5 Н күш әсер етеді. Өткізгіш магнит индукция сызықтарына перпендикуляр орналасқан. Өткізгіштегі ток күші неге тең?
F = I B l sin a sin90°=1 ж:50 А
Сандар тізбегі белгілі бір заңдылықпен берілген: 2; 5; 11; 23; 47; ... Келесі санды табыңыз.
Каждыйын 2ге көбейтіп 1 қосу керек Жауабы: 95.
Әркімдікі өзіне...
Ай көрінер көзіне
🤡 + 🍔 + 🍟
McDonald's
Қай ханның кезінде Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты.
Хақназар хан
Протон B = 0,1 Тл магнит өрісіне оның күш сызықтарына перпендикуляр бағытта v = 10^6 м/с жылдамдықпен кіреді. Протонға әсер ететін Лоренц күшін анықтаңдар.
Fл= q v B sin а
Жауабы: 1,6 • 10-¹⁴ Н.
5 мысық 5 минутта 5 тышқан ұстаса, 100 мысық 100 минутта неше тышқан ұстайды?
Егер 5 мысық 5 минутта 5 тышқан ұстаса, онда 1 мысық 5 минутта 1 тышқан ұстайды.
Демек, 1 мысық 100 минутта 100 : 5 = 20 тышқан ұстайды.
Олай болса, 100 мысық 100 минутта: 100 ×20 = 2000 тышқан ұстайды.
Жауабы: 2000 тышқан.
"Досы көпті жау алмайды, ... "
"Ақылы көпті дау алмайды
☕ + 🧜♀️ + 💚
Starbucks
Қай жылы өзбек ханыАбдаллах пен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды
1579
Қабырғасы 10 см квадрат контур индукциясы 0,4 Тл біртекті магнит өрісінде орналасқан. Егер контур жазықтығы мен индукция векторы арасындағы бұрыш 30^\circ болса, контур арқылы өтетін магнит ағыны қандай?
Ф= B S cosӨ , мұндағы Ө— нормаль мен B арасындағы бұрыш. Егер жазықтықпен бұрыш 30° болса, онда нормальмен бұрыш 90° - 30°= 60° болады.
Жауабы: 2 мВб.
Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын түзу сызықпен кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (Барлық мүмкін нұсқаны қарастырыңыз).
Егер кесінді екі іргелес қабырғаны қосса — 5 бұрыш (бесбұрыш пайда болады).
Егер кесінді бір бұрыш пен қарама-қарсы қабырғаны қосса — 4 бұрыш.
Егер кесінді екі қарама-қарсы бұрышты қосса (диагональ бойымен) — 3 бұрыш.
Жауабы: 3, 4 немесе 5.
Алтау ала болса ауыздағы кетеді...
Төртеу түгел болса төбедегі келеді
🐆 + 👟
Puma
Қазақ-Бұхар соғысы қай жылы болды?
1603-1624
Электрон B = 0,01 Тл магнит өрісіне перпендикуляр ұшып кіріп, радиусы R = 1 см шеңбер бойымен қозғалады. Электронның жылдамдығы қандай? (m_e = 9,1 10-³¹ кг, e = 1,6 10-¹⁹ Кл).
Лоренц күші центрге тартқыш күш рөлін атқарады: еvB = m•v²/R
Осыдан жылдамдықты табамыз: v = e •B • R/ m
Ж : ≈1,76 • 10⁷м/с
Сыныпта 30 оқушы бар. Олардың 18-і ағылшын тілін, 15-і түрік тілін үйренеді. Ал 5 оқушы ешқандай тіл үйренбейді. Неше оқушы екі тілді де қатар үйренеді?
1. Тіл үйренетін оқушылар санын табамыз: 30 - 5 = 25 оқушы.
2. Егер екі топты қоссақ: 18 + 15 = 33.
3. "Артық" шыққан оқушылар — екі тілді де үйренетіндер: 33 - 25 = 8.
Жауабы: 8 оқушы.
Жақсының аты өлмейді,....
Ғалымның хаты өлмейді
🐊 + 👕 + 🎾
Lacoste
Қай тарихшы "Есім хан 1628 қайтыс болды және Түркістан қаласында жерленді" деп айтты
:
Мұхаммед Хайдар Дулати
Қадырғали Жалайыри
Махмұд Ибн Уәли
Әбу Әли Ибн Сина
Махмұд Ибн Уәли
Соленоидтағы магнит ағыны 0,02 секунд ішінде 0,8 Вб-ден 0,2 Вб-ге дейін бірқалыпты кемиді. Егер соленоидтың орам саны N = 100 болса, онда пайда болатын индукцияның ЭҚК-ін (ЭДС) табыңдар.
Ei= -N • ∆Ф/∆t
∆Ф= 0,2 - 0,8 = -0,6 Вб.
Еі= = 3000 В.
Жауабы: 3 кВ.
Қасқыр, ешкі және қырыққабатты өзеннің келесі бетіне өткізу керек. Қайыққа адамнан бөлек тек біреуін ғана (не қасқырды, не ешкіні, не қырыққабатты) салуға болады. Егер адам жоқ болса: қасқыр ешкіні жеп қояды, ал ешкі қырыққабатты жеп қояды. Адам бәрін қалай аман өткізеді?
Шешуі:
Адам ешкіні алып өтеді (арғы бетте қасқыр мен қырыққабат қалады — олар бір-бірін жемейді).
Адам қайтып келіп, қасқырды алып өтеді.
Арғы бетке қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан қайыққа салып, бергі бетке алып келеді.
Бергі бетке ешкіні қалдырып, қырыққабатты алып, арғы бетке (қасқырдың қасына) апарады.
Қайтып келіп, ешкіні соңғы рет алып өтеді.
Жауабы: Алдымен ешкіні, сосын қасқырды (ешкіні қайта әкеліп), сосын қырыққабатты, ең соңында ешкіні қайта өткізеді.
"Тауды, тасты жел бұзар, адамның ... "
Адамның арасын сөз бұзар
❄️ + 🔵 + 📱 + 🇰🇷
Samsung