Отбасы мүшелерінің қарым қатынастары қандай болуы қажет?
Отбасы мүшелерінің қарым-қатынастары құрметке, түсіністікке және сенімге негізделуі керек. Олар бір-бірін тыңдап, қолдап, қиын жағдайда бірге шешім қабылдай білуі қажет. Сонда ғана отбасы берекелі әрі тату болады.
мұрагер сөзінің аудармасы
наследник
Діл дегеніміз не?
Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, тұрмыс-тіршілігін, белгілі бір қоғамдастыққа тән мінез-құлқын көрсететін категория.
Бәсеке сөзінің аудармасы
конкуренция
Біздің ең бірінші байлығымыз?
денсаулық
Қазақстан жастары не үшін шетелде білім алады?
Сапалы білім алып, тәжірибе жинау үшін.
Қазақстан жастары ел үшін неге маңызды?
Өйткені жастар — елдің болашағы, қоғам дамуының қозғаушы күші.
Цифрландырудың басты мақсаты қандай?
Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілікті күшейту.
Түркі халықтарының ортақ құндылықтары неден көрінеді?
Ортақ тілден, фольклордан, салт-дәстүрден және батырлық жырлардан.
Ақпараттық мәдениет неге маңызды?
Жалған және зиянды ақпаратты ажыратып, дұрыс пайдалану үшін.
Студенттік отбасы мен дәстүрлі отбасының айырмашылығы неде?
Студенттік отбасы – жас, көбіне тұрақты табысы мен тәжірибесі аз жұп, ал дәстүрлі отбасы – әлеуметтік, материалдық тұрғыдан қалыптасқан, өмірлік тәжірибесі мол отбасы.
Әбілхан Қастеев кім?
Қазақ елінің ең алғашқы кәсіби суретшісі.
Қара шаңырақ деген не
бұл ата-бабадан қалған негізгі үй, әулеттің түп-тамыры. Оның маңызы өте үлкен, өйткені ол отбасының бірлігін, дәстүрін сақтайды.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қашан іске қосылды?
2017 жылы 12 желтоқсанда.
«Болашақ» бағдарламасының ел экономикасы мен кадр даярлаудағы рөлі қандай?
«Болашақ» бағдарламасы шетелде білім алған білікті мамандарды дайындап, олар арқылы ел экономикасының дамуына және кәсіби кадрлардың сапасын арттыруға үлкен үлес қосады.
Еңбек шартының маңызы қандай және ол жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтарын қалай қорғайды?
жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы міндеттер мен құқықтарды нақты бекіту, ол жалақы, жұмыс уақыты, демалыс сияқты шарттарды заңды түрде реттеп, екі тараптың да құқықтарын қорғайды.
Қазақтың тұңғыш кәсіби театры қашан және қай жерде ашылды?
1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында ашылды.
Жастар жұмыссыздығының негізгі себептері қандай және оны азайту үшін қандай шешімдер ұсынуға болады?
тәжірибенің аздығы мен білімнің еңбек нарығына сай келмеуі.
Неліктен кейбір ғалымдар студенттік кезде отбасы құруды дұрыс деп санайды?
Өйткені бұл кезеңде жастар отбасы құндылықтарын тез қабылдайды. Олар жауапкершілікті сезініп, бір-бірін түсінуге үйренеді. Соның арқасында тұрақты отбасы құруға мүмкіндік артады.
Жастарға берілген ең маңызды кеңестердің бірі қандай?
Уақытты дұрыс басқару, ізденуді тоқтатпау және денсаулықты күту.
Ақпараттық қоғамда жалған ақпараттың таралуы жастардың санасына қалай әсер етеді және оған қарсы қандай тиімді шаралар қолдануға болады?
Жалған ақпарат жастардың сыни ойлауын әлсіретіп, қате көзқарас қалыптастырады және қоғамда сенімсіздік туғызады, ал оны болдырмау үшін ақпараттық мәдениетті дамыту, дереккөздерді тексеру дағдыларын үйрету және сапалы білім беру қажет.
Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың басты себептерінің бірі қандай?
Отбасы тәрбиесінің дұрыс болмауы, ата-ананың теріс үлгісі немесе үйдегі қиын жағдай.
Театр мен киноның жастардың рухани дамуына әсерін қалай салыстыруға болады?
Театр адамды терең ойландырса, кино кең аудиторияға тез әсер етеді; екеуі де рухани дамуға ықпал етеді.
Еңбек нарығы дегеніміз не және оның негізгі элементтері қандай?
Еңбек нарығы – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы еңбекке сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын орта, оның негізгі элементтері – жұмыс күші, жұмыс берушілер, сұраныс пен ұсыныс
Қазіргі кезде сұранысқа ие мамандықтар қандай және неге?
Қазіргі кезде IT мамандары, инженерлер, SMM мамандары және data сарапшылар сұранысқа ие. Себебі технология дамып, цифрландыру күшейіп жатыр.