Компьютермен жұмыс істегенде экран мен көздің арақашықтығы кемінде қанша сантиметр болуы керек?
60-70 см
Ақпаратты лазерлік сәуленің көмегімен оқитын тасымалдаушы түрі қалай аталады?
Оптикалық тасымалдаушы
Қалтаға салып жүруге ыңғайлы, USB портына қосылатын ең танымал құрылғы.
Флешка
Интернетте бейтаныс адамдармен сөйлесуге және жеке мәліметтерді беруге бола ма?
Болмайды
Компьютерге зиян келтіретін арнайы бағдарлама.
Вирус
Көздің шаршауын басу үшін не істеу қажет?
Көзге арналған жаттығулар жасау немесе үзіліс жасау
Ең көне, сыйымдылығы өте аз магниттік тасымалдаушыны атаңыз.
Дискета
Телефондар мен фотоаппараттарға салынатын ең кішкентай электрондық жад картасы
MicroSD
Интернеттегі зиянды бағдарламалар мен сілтемелерден сақтандыратын ережелер жиынтығы.
Киберқауіпсіздік
Вирустарды тауып, олардың көзін жоятын бағдарлама.
Антивирус
Компьютер алдында арқаны қалай ұстап отыру керек?
Тік ұстап, орындықтың арқасына сүеніп
Компьютердің ішінде орналасқан, барлық мәлімет сақталатын негізгі магниттік диск.
Қатқыл диск / Жесткий диск немесе HDD
Қатқыл дисктен (HDD) әлдеқайда жылдам жұмыс істейтін заманауи электрондық диск
SSD
Электрондық поштаға келетін жарнамалық немесе күмәнді хаттар қалай аталады?
Спам
Жеке мәліметтерді ашу үшін қолданылатын құпия сөз.
Пароль
Техникалық қауіпсіздік бойынша компьютер сымдары симдарына немесе розеткаға тиуге бола ма?
Болмайды, ток соғу қаупі бар
CD және DVD дискілерінің қайсысына көбірек ақпарат сыяды?
DVD диск
Электрондық тасымалдаушылардың (флешка) магниттік дискілерден басты артықшылығы неде?
Қозғалмалы бөлшектері жоқ, жылдам және соққыға төзімді
Интернетте біреуді қорқыту немесе балағаттау процесінің атауы.
Кибербуллинг
"Күшті" немесе сенімді пароль қандай болуы керек?
Сандардан, әріптерден және таңбалардан тұратын, кемінде 8 белгі
5-сынып оқушысы үшін компьютер алдында үзіліссіз жұмыс істеудің ең ұзақ уақыты қанша?
15-20 минут
Магниттік тасымалдаушыларға ақпарат қалай жазылады?
Магниттік беттің магниттелу бағытын өзгерту арқылы
Компьютердегі файлдарды (суреттерді, тапсырмаларды) бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін қолданылатын, ішіндегі мәліметті қайта-қайта өзгертуге болатын жад түрін ата
Флеш-жад)
Интернеттен файл жүктегенде компьютерге не кіріп кетуі мүмкін?
Вирус
Деректерді жоғалтып алмау үшін олардың көшірмесін жасау қалай аталады?
Резервтік көшіру