Жай механизм дегеніміз не?
Жұмысты жеңілдетуге арналған құрал.
Жай механизмдердің бір түрін ата.
Иінтірек (немесе шығыр, көлбеу жазықтық, сына, бұранда)
Жай механизмдердің көмегімен қандай ұтысқа қол жеткізуге болады?
Күштен ұтысқа қол жеткізуге болады.
Қозғалмайтын шығыр қандай қызмет атқарады?
Күштің бағытын өзгертеді.
Бұранда қандай жай механизмнің негізінде жасалған?
Көлбеу жазықтық негізінде.
Көлбеу жазықтықты қолданудың артықшылығы қандай?
Жүкті аз күш жұмсап көтеруге мүмкіндік береді.
Неліктен ұзын иінтірекпен ауыр жүкті көтеру оңай?
Иін ұзындығы артқан сайын күштен ұтыс болады, қажетті күш азаяды.
Жылжымалы шығыр күштен қандай ұтыс береді?
Күшті 2 есе азайтады (екі есе ұтыс береді).
Балта мен пышақ қандай жай механизмге жатады және олардың жұмысы қандай?
Сына. Денелерді бөлуге, кесуге және жаруға қолданылады.