Компьютер мен желінің техникалық сипаттамалары
Python: for циклі
Python: while циклі
100

Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығын (такттік жиілігін) анықтайтын негізгі процессор көрсеткіші.

Такттік жиілік (Гц, МГц, ГГц-пен өлшенеді)

100

Қай цикл түрі қайталану саны алдын ала белгілі болғанда қолданылады (for ма, әлде while ме)?

for циклі

100

while циклі қай кезге дейін қайталана береді: шарт True (ақиқат) болғанда ма, әлде False (жалған) болғанда ма?

Шарт True (ақиқат) болып тұрғанда

200

Компьютердің бір уақытта баяуламай бірнеше бағдарламаны қатар жүргізуіне жауап беретін уақытша есте сақтау жады.

Оперативті жад (ОЗУ / RAM)

200

Python-да range(5) функциясы қай саннан қай санға дейінгі сандар тізбегін береді?

0-ден 4-ке дейін (0, 1, 2, 3, 4)

200

while циклінде шексіз қайталау (тоқтамай қалу) орын алмау үшін цикл ішінде не істеу керек?

Шарттағы айнымалының мәнін өзгертіп отыру керек 

300

Интернет желісінің немесе деректерді тасымалдаудың жылдамдығы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

Бит/сек (немесе Мбит/сек, Кбит/сек)

300

Мына код орындалғанда экранға «Сәлем» сөзі неше рет шығады? 

for i in range(3):

    print("Сәлем")


3 рет

300

Циклдің жұмысын мерзімінен бұрын толық тоқтату үшін қандай оператор қолданылады?

break

400

Компьютерде барлық мәліметтерді (файлдарды, бағдарламаларды) ұзақ уақыт сақтауға арналған негізгі сақтау құрылғысы.

HDD немесе SSD

400

Мына код экранға соңғы болып қандай санды басып шығарады?

for i in range(1, 6):

    print(i)

 

5 (себебі соңғы 6 саны кірмейді)

400

Мына код орындалғаннан кейін x айнымалысының соңғы мәні нешеге тең болады?

x = 1

while x < 4:

    x = x + 1

print(x)

 

4

M
e
n
u