«СӘЛЕМ!» 🌎
Бұл сөз әлемнің әр бұрышында қалай айтылады?
Берілген сөзді 5 түрлі тілде атаңыздар!
Орысша — Привет!
Ағылшынша — Hello! / Hi!
Түрікше — Merhaba!
Французша — Bonjour!
Испанша — Hola!
Итальянша — Ciao!
Немісше — Hallo!
Қытайша — 你好 (Nǐ hǎo)!
Жапонша — こんにちは (Konnichiwa)!
Who wrote Romeo and Juliet?
William Shakespeare
Продолжите пословицу:
Ученье — свет, а неученье — ...
Ученье — свет, а неученье — тьма.
Берілген сөйлемді қазақ және орыс тілдеріне аударыңыздар: “I am going to university today.”
Қазақша: «Мен бүгін университетке барамын.»
Орысша: «Сегодня я иду в университет.»
Төмендегі мақалдарды жалғастыр:
«Өнер алды — ...»
«Тіл тас жарады, ...»
«Ана тілің — арың бұл, ...»
«Өнер алды — қызыл тіл»
«Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады»
«Ана тілің — арың бұл, ұятың болып тұр бетте»
💥 УПСССС!
Сәтсіздік! Бұл ұяшық сіздерге −100 балл әкелді.
WHO AM I?
Бір студентке жасырын сөз беріледі. Ол сөзді атамай, өз командасына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сипаттауы керек. Команда жасырын сөзді 30 секундта табуы тиіс.
СӨЗ / WORD / СЛОВО
🎁 BONUS!
+400 БАЛЛ
Берілген сөздерді дұрыс ретке келтіріп, мағыналы орысша сөйлем құраңыз. Содан кейін сол сөйлемді қазақ және ағылшын тілдерінде айтыңыз.
университете / сегодня / интересная / лекция / была
Сегодня в университете была интересная лекция.
Бүгін университетте қызықты дәріс болды.
There was an interesting lecture at the university today.
Абай атамыз қай шетелдік ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған? Аудармасының атауын атаңыз.
А.С. Пушкин — «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің сипаты»
М.Ю. Лермонтов — «Жартас», «Жалау», «Тұтқындағы батыр», «Теректің сыйы»
И.А. Крылов — «Қарға мен түлкі», «Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден»
Ортаға шығып, Мұхтар Шахановтың 3 шығармасын атаңыз және 1 өлеңінен үзіндіні мәнерлеп оқыңыз.
«Төрт ана»
«Отырар»
«Ғашықтық ғаламаты»
«Арал қасіреті»
«Өркениеттің адасуы»
«Компьютербасты жарты адамдар»
«Нарынқұм зауалы»
«Сенім патшалығы»
«Жазагер жады космоформуласы»
«Желтоқсан эпопеясы»
«Танакөз»
«Туған күн»
Берілген сөйлемдегі қатені тауып, дұрыс нұсқасын айтыңыз.
Туылған күнің құтты болсын!
У меня есть два сестры.
She go to university every day.
❌ Туылған күнің құтты болсын!
✅ Туған күнің құтты болсын!
❌ У меня есть два сестры.
✅ У меня есть две сестры.
❌ She go to university every day.
✅ She goes to university every day.
Дыбысты мұқият тыңдаңыздар /ʃ/ /Ш/. Осы дыбыс кездесетін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен бір-бір сөзден айтыңыздар.
Мысалы:
Қазақша: ш — шаш
Орысша: ш — школа
Ағылшынша: sh — she
«Наконец-то я студент!» сөйлемін берілген ситуацияларға сәйкес әртүрлі эмоциямен айтыңыз.
😍 Қуаныш — Арманыңыздағы университетке түстіңіз!
😱 Қорқыныш — Бірінші күніңіз, аудиторияңызды таппай жүрсіз.
😂 Күлкі — Сабаққа келіп, бүгін демалыс екенін білдіңіз.
😭 Қайғы — Барлық достарыңыз басқа топқа түсіп кетті.
😡 Ашу — Презентацияңызды дайындап келдіңіз, бірақ ноутбук қосылмай қалды.
КЕРЕМЕТ!
Үш тіл араласқан сөйлемдегі қателерді тауып, оны үш тілде дұрыс нұсқаға келтіріңіз.
«Я бүгін университетке late болып қалдым.»
Мен бүгін университетке кешігіп қалдым.
Я сегодня опоздал(а) в университет.
I was late for university today.