Кендебайдың әкесінің аты кім?
Қазанғап
Керқұла ат кімнің тұлпары?
Кендебайдың
Қазанғаптың баласының аты кім?
Кендебай
Мергенбай кімнің әкесі?
Қойшы баланың
Кендебай өлейін деп жатқан биенің қарнын немен жарады?
Алмас қанжармен
Қозы бағып жүрген бала Кендебайға не деп жылайды?
Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың,
Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын!
Кендебай сиырларды өзеннен айдап өткізейін десе, сиырлар неге өтпейді?
"Айырылғырдың суы, айырыл" деп айтпаған соң.
Қара биенің нешінші рет құлындауы? Бұрынғы құлындары қайда?
Қара биенің тоғызыншы рет құлындауы. Бұрынғы құлындарын қара бұлтпен араласып келген дәу аалып кететін.
Кендебайдың өсуінде қандай ерекшеліктер бар?
Кендебай ай сайын емес, күн сайын өседі. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті.Алты жылда алып жігіт болыпты.
Керқұла ат қалай өсті?
Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айда алты кез ат болыпты. Жүйрік болыпты.
Керқұла атқа тіл біткенде Кендебайға не дейді?
Аралда хан тұрады. Қойшы баланың әке-шешесі сол аралда. Менің құйрығымнан бір тал қыл ал да, мені босат. мен керек болсам, қылды тұтат.
Мергенбай батырдың қолға түсу себебі не?
Мергенбай - алып ұйқылы батыр. Ұзақ жортуылдан келгенде, алты күн қатарынан ұйықтайтын. Осы ұйқыда жатқанда жау оны байлап әкеткен.
Қара биені күзеткен күні Кендебай қандай әрекет жасады?
Аспаннан түйіліп келген бұлт арасындағы дәу құлынды алып бара жатқанда құлынның құйрығынан шап беріп ұстады. Құлын алтын құйрықты, құндыз жүнді екен. Кендебайдың қолында алтын құйрық қалып қойды.
Кендебайдың дәумен кездесуі қалай сипатталады?
Әуелі үлкен тау көрінеді. Тау теңселіп, оған қарай жақындайды. Кендебай қолына жүз батпан шоқпарын алады. Дәуге қарсы шауып дәудің бір басын, кері қарай шауып екінші басын шауып, осылай ерсілі-қарсылы шауып, дәудің жеті басы ұшып кетеді. Дәу төңкеріліп құлайды. Кендебай дәудің көзін ойып, қоржынына салып алады.
Кендебай арыстанмен кездескенде қандай әрекет жасайды?
Бір леп Кендебайды тартып ала жөнеледі. Кендебай арыстанның апандай аузын көреді. КЕНДЕБАЙДЫ ТАРТЫП ЖАТҚАН СОНЫҢ ЛЕБІ ЕКЕН. Кендебай алты құлаш алмас қылышын көлденең ұстай қояды. Алмас қылыш арыстанды екі бөледі. Кендебай арыстанның азуын қағып алады.
Кендебай үшінші кедергіден қалай өтеді?
Кендебай сұлу қызға кездеседі. Қыз Кендебайды демалуға үйіне шақырады. Кендебай келіскен болып, қыздың артынан ереді. Қызды қылышпен екіге бөлгенде, ол мыстан кемпірге айналады. Кендебай мыстан кемпірдің басы мен әшекейлерін салып алады.
Кендебайдың қандай адамгершілік қасиеттерін атауға болады?
Кедей елін аң етімен асырады. Қойшы баланың әке-шешесін құтқарды. Құлынды бақты.
Керқұла аттың Кендебайға қандай көмегі тиді?
Аттың әрекетін қандай мақалмен қорытуға болады?
Құстай ұшты. Ақыл айтты. Ауыр жүгін көтерді. "Тұлпар ат - ер қанаты"
Ертегідегі қай кейіпкердің әрекеті ұнамады? Дәлел келтір.
Тасқара бай малын ойлап жылайды. Адам перісі хан Мергенбай батырды зынданға салып қойды. Хан балалары - өтірікші.
"Керқұла атты Кендебай батыр" деген атаққа Кендебай қалай жетті?
Алыптармен алысты. Мергенбай батырды құтқарды. Қасқырмен алысты.