1. Абай кім?
Ұлы ақын, ағартушы, философ, жазба әдебиетінің негізін қалаушы, , аудармашы, композитор
«Сегіз аяқ» атауы өлеңнің мазмұнынан емес, құрылымынан туындағанын дәлелде.
Өлеңнің әр шумағының негізгі құрылымы сегіз тармаққа негізделген. Сондықтан атау шығарманың сыртқы поэтикалық құрылымымен байланысты.
Өлең атауындағы «қалың елім» және «қайран жұртым» тіркестері ақынның халыққа көзқарасындағы қандай екі сезімді қатар танытады?
«Қалың елім» — халыққа деген жақындық пен ұлттық бірлікті, ал «қайран жұртым» — ел тағдырына алаңдау, өкініш пен жанашырлықты білдіреді.
Өлең атауындағы «лай су» бейнесі қандай астарлы мағынаға ие?
«Лай су» — тазалықтың, тұрақтылықтың, рухани айқындықтың жоқтығын бейнелейтін метафоралық образ ретінде қабылданады.
«Сегіз аяқ» пен «Қалың елім, қазағым...» шығармаларында ортақ қандай мәселе бар?
Екеуінде де қазақ қоғамының әлеуметтік және моральдық мәселелері, халық мінезі мен елдің жағдайы сөз болады.
Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
1845ж Бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген
«Сегіз аяқтың» дәстүрлі өлең үлгісінен ерекшелігін оның ұйқас жүйесі арқылы қалай дәлелдеуге болады?
Өлеңде тармақтардың ұйқасуы мен ырғақтық құрылысы дәстүрлі қара өлеңнен өзгеше ұйымдастырылған. Оның өзіндік ұйқас өрнегі мен буындық-ырғақтық жүйесі бар.
Абайдың халықты сынауы оның халықтан безінуін білдірмейтінін қалай дәлелдеуге болады?
Ақынның сынында жанашырлық пен ел тағдырына алаңдау басым. Ол халықтың кемшілігін түзелуге шақыру мақсатында көрсетеді. Сондықтан сынның астарында елге деген жауапкершілік жатыр.
Өлеңдегі табиғи құбылыс пен адам мінезінің арасында қандай көркемдік байланыс жасалған?
Табиғаттағы лай суға майдың батпай, тұрақтамауы адам өміріндегі кейбір құндылықтардың тұрақсыздығын немесе жақсы қасиеттің лайлы ортада орнықпауын астарлайды.
Ғылымның қайрат, ақыл, жүректі біріктіруі Абайдың адам туралы қандай тұжырымын білдіреді?
Толық адам бір ғана қасиетпен қалыптаспайды. Ақыл, қайрат, жүрек үйлесім тапқанда ғана адам кемелдікке жақындайды.
Ауылда сауатын кімнен ашты?
Ауыл молдасы Ғабитханнан сауатын ашты.
«Білгенге маржан, білмеске арзан» деген жолды өлеңнің жалпы идеялық мазмұнымен байланыстыр.
Бұл жол білімнің қадірін адамның таным деңгейіне байланысты көрсетеді. Білімді адам оның құндылығын түсінеді, ал білімсіз адам оның мәнін бағалай алмайды. Сондықтан жол өлеңдегі білім мен надандық қарама-қарсылығын жинақтайды.
Өлеңдегі әлеуметтік сын мен ұлттық мүдде арасында қандай байланыс бар?
Абай елдің алға жылжуына кедергі болатын надандық, алауыздық, билікке талас, мінез кемшіліктерін ұлттық дамуға қауіп ретінде көрсетеді. Сондықтан әлеуметтік сын ұлттық мүддені қорғау идеясымен сабақтас.
«Лай суға май бітпес» бейнесін Абайдың қоғам сынымен байланыстыруға бола ма? Неліктен?
Иә. Лайланған орта — рухани тазалығы төмен, мінезі бұзылған ортаның символы ретінде түсіндірілуі мүмкін. Мұндай ортада жақсы қасиеттердің орнығуы қиын деген ой байқалады.
«Он жетінші қарасөздегі» ғылымды қазіргі мектептегі білім ұғымымен ғана теңестіру неліктен жеткіліксіз?
Абайдағы ғылым — тек ақпарат жинау емес, ақиқатқа ұмтылу, адамды тану, дұрыс пен бұрысты ажырату, мінезді жетілдіру ұғымдарымен байланысты.
Абай Шығыстың атақты ақындарынан кімдердің шығармаларын оқыды?
Низами, Науаи, Сағди, Хафиз т.б
Сұрақ: «Сегіз аяқтағы» ақынның өткір сыны неліктен тек жеке адамдарға бағытталған айыптау емес?
Абай жеке мінездер арқылы қоғамдық кеселдерді жинақтап көрсетеді. Ел ішіндегі алауыздық, мансапқорлық, надандық, жалқаулық сияқты құбылыстар жеке адамдардың әрекеті арқылы көрінеді.
Өлеңдегі «бірліксіздік» мәселесін бүгінгі қоғам тұрғысынан түсіндіру кезінде шығарманың тарихи контексін қалай ескеру керек?
Қазіргі жағдайды өлеңдегі тарихи жағдаймен толық теңестіруге болмайды. Бірақ Абай көтерген бірлік, жауапкершілік, өзара құрмет, елдік сана сияқты құндылықтарды қазіргі қоғамға ортақ адамгершілік мәселелер ретінде қарастыруға болады.
«Сегіз аяқ» пен «Лай суға май бітпес қой өткенге» шығармаларын біріктіретін идеялық өзек қандай?
Екі шығармада да қоғамның мінез-құлқы, адам бойындағы кемшіліктер, рухани тазалық, адамгершілік мәселелері көтеріледі. Екеуінде де ақын қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға сын көзбен қарайды.
«Отыз екінші қарасөздегі» ғылым үйренудің алты талабын бір ғана негізгі қағидаға біріктірсең, ол қандай қағида болады?
Білімді шынайы мақсатпен, тұрақты ынтамен, оймен, табандылықпен және берік мінезбен меңгеру.
Абай әкесінің кеңесімен неше жасынан ел ісіне араласты?
13 жасынан
«Сегіз аяқ» өлеңінің формасы мен мазмұны бір-бірін қалай толықтырады?
Өлеңнің жаңа әрі серпінді құрылымы ақынның дәстүрлі ойлау жүйесін бұзып, жаңа мазмұн айтуына мүмкіндік береді. Өлеңнің ырғақтық өзгерісі қоғамдағы кемшіліктерге алаңдаған ақынның эмоционалдық күйін де күшейтеді. Сондықтан форма — мазмұнды жеткізудің көркемдік құралы.
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» шығармасында автор бейнесі қандай үш қыр арқылы танылады?
Егер «Сегіз аяқ» — қоғамдағы кеселдерді ашық әшкерелейтін шығарма болса, «Лай суға май бітпес...» өлеңінің ойды жеткізу тәсілі қандай ерекшелікке ие?
Мұнда ой бейнелі, астарлы, символдық сипатта беріледі. Табиғаттағы құбылыс арқылы адам мен қоғамға қатысты философиялық ой жасалады. Яғни әлеуметтік мәселе көркем метафора арқылы тереңдетіледі.
«Он жетінші» және «Отыз екінші» қарасөздерді салыстыр. Біріншісінде «кемел адам» мәселесі, екіншісінде «білімге жету» мәселесі қарастырылғанымен, оларды қандай ортақ идея байланыстырады?
Екеуінде де адамның өзін-өзі жетілдіруі негізгі орында. Он жетінші сөзде адам бойындағы қасиеттердің үйлесімі қарастырылса, отыз екінші сөзде сол кемелдікке жеткізетін ғылымға ұмтылудың шарттары көрсетіледі.