Кәсіпкерлік құқық нені реттейді?
Кәсіпкерлік қызмет барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды.
Кәсіпкерлік қатынастар неше негізгі топқа бөлінеді?
Екі топқа.
Құқықтық реттеудің екі негізгі әдісін атаңыз.
Императивтік және диспозитивтік әдістер.
Кәсіпкерлік құқықтың негізгі екі функциясын атаңыз.
Реттеуші және қорғаушы функциялар.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты қандай?
Таза табыс табу.
Кәсіпкерлік құқықтың пәні не болып табылады?
Кәсіпкерлік қатынастар.
Кәсіпкерлердің өзара қатынастары қалай аталады?
Көлденең немесе горизонтальдық қатынастар.
Тараптарға әрекет нұсқасын өздері таңдауға мүмкіндік беретін әдіс қалай аталады?
Диспозитивтік әдіс.
Кәсіпкерлік қатынастардың қалыпты дамуын қамтамасыз ететін функция қандай?
Реттеуші функция.
Кәсіпкерлік кімнің атынан жүзеге асырылады?
Кәсіпкердің өз атынан.
Кәсіпкерлік құқық қандай сипаттағы құқық саласы?
Кешенді құқық саласы.
Кәсіпкер мен мемлекеттік орган арасындағы қатынас қалай аталады?
Тік немесе вертикальдық қатынас
Міндетті талаптар мен тыйымдарға негізделген әдіс қалай аталады?
Императивтік әдіс.
Кәсіпкерлердің құқықтарын заңсыз қол сұғушылықтардан қорғайтын функция қандай?
Қорғаушы функция
Кәсіпкерлік қызмет кімнің тәуекелімен жүзеге асырылады?
Кәсіпкердің тәуекелімен.
Кәсіпкерлік құқық құрамына кіретін кемінде үш құқық саласын атаңыз.
азаматтық, әкімшілік және салық құқығы.
Екі кәсіпкердің тауар жеткізу шартын жасасуы қатынастардың қай түріне жатады?
Көлденең кәсіпкерлік қатынасқа.
Кәсіпкерлік қатынастарды реттеудің негізгі үш тәсілін атаңыз.
Рұқсат беру, талап ету және тыйым салу.
Қазақстандағы құқықтың негізгі қайнар көзі не?
Нормативтік құқықтық акт.
Мемлекеттік орган кәсіпкерден заңда көзделмеген құжатты талап етті. Қандай талап бұзылды?
Мемлекеттік орган заңда көзделмеген құжаттарды талап етпеуге тиіс.
Неліктен кәсіпкерлік құқық кешенді құқық саласы деп аталады?
Кәсіпкерлік қатынастар әртүрлі құқық салаларының нормаларымен реттелетіндіктен.
Мемлекеттік орган кәсіпкерге лицензия береді. Бұл қандай қатынас және неліктен?
Тік қатынас, өйткені оның тараптары – кәсіпкер мен мемлекеттік орган.
Кәсіпкерлер шарттың талаптарын заң шегінде өздері белгіледі. Қандай әдіс қолданылды?
Диспозитивтік әдіс.
Кәсіпкерлік құқықтың негізгі салалық қайнар көзін атаңыз.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі.
Заңнамадағы шешілмеген күмән мен белгісіздік кімнің пайдасына түсіндіріледі?
Кәсіпкерлік субъектісінің пайдасына.