БОНУС
+300
ҚК 274-бап бойынша инвестиция деп танылуы үшін салынған мүлік қандай мақсатпен қолданылуы керек?
Заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе ұзақ мерзімді активтерін ұлғайтуға бағытталуы керек
Компания 50 млн теңгеге өндірістік жабдық сатып алды. Бірақ оны ешқашан қолданбай, қоймада сақтады. Бұл жабдық инвестиция болып қала ма?
Иә, себебі ол ұзақ мерзімді актив ретінде алынған мүлік және инвестициялық мақсатқа арналған
Екі адам бірдей 10 млн теңге жұмсады: біріншісі көлік сатып алып жеке қолданды, екіншісі сол көлікті такси бизнесіне қосты. Неге олардың әрекеті құқықтық тұрғыдан әртүрлі бағаланады?
Біріншісі — тұтыну, екіншісі — пайда алу мақсатындағы инвестициялық қызмет.
2026 жыл бойынша 1 АЕК қанша теңгені құрайды?
4325 теңге
Инвестор деп кім аталады?
Қазақстан Республикасына инвестиция салатын жеке немесе заңды тұлға.
ҚК 274-бап бойынша инвестиция құрамына не кіреді?
Мүліктің барлық түрлері және оларға құқықтар.
Компания жаңа зауыт салу үшін ғимарат сатып алды. Бұл қандай объект?
Заттай объект
Ғимарат пен акцияның ортақ белгісі қандай?
Екеуі де инвестициялық объект бола алады
![]()
-200
Инвестициялық объектілердің 4 түрін атаңыз.
1. Заттай объектілер
2. Қаржылық объектілер
3. Зияткерлік меншік
4. Қызмет жүргізуге арналған құқықтар
«Ашық есік» инвестициялық принципі қай бапта көрсетілген?
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 275-бабы.
Компания акция сатып алды және жыл сайын дивиденд алады. Бұл қандай инвестиция?
Қаржылық инвестиция.
Компания патент сатып алды. Ол ғимарат сияқты материалдық зат па?
Жоқ, ол зияткерлік меншік
«Capital flight» термині нені білдіреді?
Капиталдың елден жаппай шығарылуы
Инвестициялық жоба дегеніміз не?
Жаңа объектілер құруға, кеңейтуге, жаңғыртуға немесе туристік нысандарға инвестиция салуға бағытталған шаралар жиынтығы.
Инвестициялық преференциялар қандай құжат арқылы беріледі?
Инвестициялық келісімшарт арқылы.
Компания дәрі жасау технологиясын басқа кәсіпорынға берді. Бұл қандай объект?
Зияткерлік меншік объектісі (ноу-хау).
Инвестор жерді сатып алмады, тек пайдалану құқығын алды. Ол неге инвестиция болып саналады?
Себебі құқықтардың өзі инвестициялық объект бола алады.
Инвестицияның «алтын ережесі» ретінде жиі айтылатын нәрсе қандай?
Барлық жемісті бір себетке салмау. Яғни капиталды әртүрлі активтерге бөлу.
Инвестиция мен қарапайым тұтынудың басты айырмашылығы неде?
нвестиция пайда алу мақсатында жасалады, ал тұтыну жеке қажеттілік үшін жүзеге асады.
Инвестор міндеттемесін орындамаса, инвестициялық келісімшартты бірден бұзуға бола ма?
Жоқ. Алдымен хабарлама беріледі, 3 ай өткеннен кейін ғана біржақты бұзу мүмкін
Компания кен өндіруге лицензия алу үшін ақша төледі. Лицензия қандай объект болып саналады?
Қызмет жүргізуге арналған құқық.
Неге мемлекет инвестицияларға толық еркіндік бермейді?
Ұлттық қауіпсіздікке байланысты кейбір салаларға заңмен шектеу қойылады.
Ағай сұрасын
.