Excel бағдарламасында деректер енгізілетін ең кіші элемент қалай аталады?
Ұяшық
Excel бағдарламасында формулалар қандай таңбамен басталады?
= (теңдік белгісі)
Excel-де қосу (+), азайту (-), көбейту (*), бөлу (/) амалдары қалай аталады?
Арифметикалық операторлар
Формуладағы ұяшық мекенжайы өзгеретін сілтеме түрі қалай аталады?
Салыстырмалы сілтеме
Excel бағдарламасында есептеулер жасауға арналған арнайы құрал қалай аталады?
Формула
Excel-де ең бірінші ұяшық қалай аталады?
A1
$A$1 түрінде жазылған сілтеме қалай аталады?
Абсолютті сілтеме
Excel бағдарламасында бағандар қандай белгілермен белгіленеді?
Әріптермен (A, B, C …)
Excel бағдарламасында жолдар қандай белгілермен белгіленеді?
Сандармен (1, 2, 3 …)
Excel бағдарламасында формуланы көшіргенде, тек жол немесе тек баған өзгеретін сілтеме түрі қалай аталады?
Аралас сілтеме
Excel-де автотолтыру маркері қай жерде орналасқан?
Белсенді ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышында
Excel-де ең кіші мәнді табу үшін қандай функция қолданылады?
MIN
Excel-де сілтеме түрін өзгерту үшін қай пернені басу керек?
F4
Excel-де белгілі бір шарттарға сәйкес деректерді сүзу үшін қандай құрал қолданылады?
Сүзгі (Filter)
Excel-де ең үлкен мәнді табу үшін қандай функция қолданылады?
MAX