Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?
Сын есім
5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды?
5 минут
Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?
Ньютон
Сұйық күйден қатты күйге ауысу кристалдану деп аталады. Кристалдық күйден газ күйге ауысуы не деп аталады?
Сублимация
АҚШ-тың солтүстік штаты?
Аляска
Сөз құрамын зерттейтін сала?
Морфология
Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап?
32
Ток күшінің өлшем бірлігі?
Ампер
Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім?
Р.Қошқарбаев
Экватордың жалпы ұзындығы?
40000 км
«Миллион» деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?
Ы.Алтынсарин
Дисперсия құбылысы дегеніміз не?
Жарықтың спектрге бөлінуі
Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды?
1723 ж
Ең терең көл?
Байкал
Компьютердің негізгі бөліктерін ата?
Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта
«Оянған өлке» романының авторы.
Ғ.Мүсірепов
Ең кіші планета?
Меркурий
Ноғай ордасының астанасы
Сарайшық
Нөл градуста су неге айналады?
Мұз
Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?
Аксиома
Тайланд астанасы?
Бангкок
Қанар бұлбұлының ауадағы Х газына сезімталдылығын бір кездері кеншілер қолданған. Құсы бар торды жер астына өзімен бірге алып жүрген, себебі оның ән айту қабілетін дыбыстық белгі ретінде пайдаланған. Ән ұзақ уақыт бойы естілмеген жағдайда кеншілер бұл жерден дереу көтеріліп кету керектігін түсінген. Газды тап
Метан газы (Халық арасында батпақ газы деп атайды)
Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?
Архимед күші
«Менің Қазақстаным» әнін шығарған сазгерді ата?
Шәмші Қалдаяқов
2014 Жылы Олимпиада ойындары қай қалада өтті?
Сочи