LiDAR сенсоры қашықтықты қалай анықтайды?
Лазер сәулесін объектіге жіберіп, оның қайта оралу уақыты арқылы қашықтықты есептейді
Кобра сенсоры көбінесе қандай сызықты анықтайды?
Қара сызықты
Ультрадыбыстық сенсор қандай принцип бойынша жұмыс істейді?
Эхо (дыбыс толқынының шағылуы)
Инфрақызыл сенсордың негізгі элементтері қандай?
IR LED және фотодиод
3D Depth Sense Camera дегеніміз не?
Объектілердің камерадан қашықтығын анықтап, кеңістіктің үш өлшемді бейнесін жасайтын камера.
Кобра сенсоры қандай технологияға негізделіп жұмыс істейді?
Инфрақызыл сәуле
Ультрадыбыстық сенсордың негізгі қызметі қандай?
Арақашықтықты өлшеу
Көбінесе қолданылатын инфрақызыл сенсор модулі
KY-032
3Д тереңдік камера қандай нәтиже береді?
Тереңдік картасын (Depth Map) немесе 3D кеңістік моделін береді.
Ақ түстің қасиеті қандай?
Жарықты шағылыстырады
Ультрадыбыстық сенсорда қандай бөліктер болады?
Таратқыш және қабылдағыш
Сенсордың жұмыс принципі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
Инфрақызыл сәуленің шағылуы
LiDAR мен Depth камераның айырмашылығы неде?
LiDAR лазер арқылы қашықтықты өлшейді, ал Depth камера инфрақызыл жарық немесе екі камера арқылы тереңдікті анықтайды.
Робот сызықтан шығып кетсе не болады?
Робот бағытын түзетеді
Арақашықтықты есептеу формуласы:
S = vt/2
Инфрақызыл сенсор теледидар пультінде қалай қолданылады?
Пульттің сигналын инфрақызыл сәуле арқылы қабылдау