Томас Пейн "Адам құқықтары"
Фарид Закария
Қара жәшік
"Кімнің сөзі?"
Қызықты факттер
100

Пейннің «Естілік» (1776) еңбегінің негізгі үндеуі қандай болды?

Жауабы: Американ халқын саяси және экономикалық бостандық үшін ағылшын монархиясына қарсы әділетті соғысқа шақырды

100

Автордың пайымдауынша, демократия мен конституциялық либерализмнің басты айырмашылығы неде?

Демократия – бұл билікті жинақтау және оны халық еркіне бағындыру әдісі болса, конституциялық либерализм – жеке адамның бостандығын қорғау үшін билікті шектеу жүйесі

100

Бір елдің басқа елге қысым көрсету шарасы

Санкция

100

"Адам дүниеден өткенде оның билігі де өзімен бірге өледі".

Томас Пейн. (Өткен ұрпақтың билігіне қарсы аргументі).

100

Әлемдегі ең кішкентай мемлекет

Ватикан

200

Пейн «Адам құқықтары» кітабын қандай мақсатпен жазды?

Кітап 1789–1794 жылдардағы француз революциясының принциптерін Эдмунд Берктің (Берк мырза) сынынан қорғау мақсатында жазылды.

200

«Либералды емес демократия» (illiberal democracy) термині нені білдіреді?

Бұл – сайлау өткізілетін, бірақ азаматтардың бостандықтары сақталмайтын және билік заңмен шектелмейтін басқару жүйесі

200

Өткен ұрпақтың заңдары бүгінгі біздің өмірімізді толық билеуі керек пе?

Пейннің пікірінше, жоқ. Әр ұрпақ өз тағдырын өзі шешуге тиіс. Өлген адамдардың билігі олармен бірге кетеді. Бұл сұраққа жауап бергенде, заңдардың заман талабына сай өзгеріп отыруының маңыздылығын айтуға болады.


200

"Батыс демократиясының моделі барлық елге бірдей шақ келе бермейді, себебі әр елдің мәдениеті әртүрлі".

Ли Куан Ю / Фарид Закария. (Мәдени релятивизм мен Сингапур үлгісі).

200

Әлемдегі ең ұзақ уақыт билік еткен басшылардың бірі

Королева Елизавета II

300

Пейн бойынша парламенттің немесе кез келген ұйымның «мәңгілік» заң шығаруға құқығы бар ма?

Жоқ, Пейн ешбір парламенттің немесе адамдар ұрпағының барлық замандар үшін дүниені қалай басқару керектігін міндеттеуге немесе келер ұрпаққа әмірін жүргізуге құқығы жоқ деп есептейді

300

Неліктен тек еркін сайлау өткізу елді автоматты түрде либералды мемлекетке айналдырмайды?

Себебі сайлау арқылы билікке келген көпшілік азшылықтың құқығын таптап, диктатура орнатуы мүмкін; демократияға конституциялық тежемелер қажет.

300

Елдің басшысы заңнан жоғары тұруы мүмкін бе?

Француз конституциясы бойынша заң патшадан жоғары (La Loi, Le Roi). Өйткені заңдар алдымен жасалып, содан кейін ғана орындалуы керек. Бұл сұраққа жауап бергенде, барлық адамның заң алдында теңдігін негізге алуға болады.


300

"Заң корольден жоғары тұруы тиіс".

Томас Пейн. (Француз конституциясын қолдау кезінде айтқан "La Loi, Le Roi" принципі).

300

Бір мемлекетте президент жоқ, бірақ үкімет бар (ерекше жүйе)

Швейцария

400

Жаратылыстық құқықтардың азаматтық құқықтардан басты айырмашылығы неде?

Жаратылыстық құқықтар адамға өмір сүруімен бірге беріледі (интеллектуалдық, рух құқықтары), ал азаматтық құқықтар — адамның қоғам мүшесі ретінде иеленетін құқықтары.


400

Автор неліктен қазіргі әлемде демократияның «артықшылығы» мәселе тудырады деп есептейді?

Саясаттың шамадан тыс ашық болуы мен популизм кәсіби басқару мен ұзақ мерзімді стратегиялық шешімдердің қабылдануына кедергі келтіреді.

400

Елдер арасындағы келіссөз процесі

Дипломатия

400

"Мемлекеттің басты міндеті – азаматтардың жеке меншік құқығын қорғау, өйткені бұл бостандықтың негізі".

Фарид Закария. (Конституциялық либерализм туралы).

400

Ресей басшылығы орналасқан тарихи кешен

Кремль

500

Үкіметтердің пайда болуының Пейн көрсеткен үш қайнар көзі қандай?

Бұлар: соқыр сенім (дінбасылар билігі), күш (жаулап алушылар) және қоғамның ортақ мүдделері (парасат үстемдігі)

500

Популизмнің өсуіне не себеп болды?

Дәстүрлі саяси партиялардың элиталық сипатынан айырылып, бұқаралық ағымдарға төтеп бере алмауы.


500

Елдер арасындағы ұзақ мерзімді қарсыластық

Геосаяси қақтығыс

500

Адам қоғамға өз құқықтарын азайту үшін емес, оларды нығайту үшін кіреді".

Томас Пейн. (Азаматтық қоғамның пайда болу теориясы).

500

АҚШ-та құлдықты жоюмен байланысты президент

Авраам Линкольн

M
e
n
u