Тарихқа қадам
Ұлы жүздің шежіресі
Орта жүздің тарихы
Кіші жүздің құпиясы
Тарихи зерттеуші
100

. Қазақ халқы қандай үш жүзге бөлинді?


Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз.


100

Ұлы жүз қазақтары қай аймақты мекендеді?

Жетису мен одан батысқа қарайғы жерлерді мекендеді.


100

Орта жүз қазақтары қай аумақтарды мекендеді?


 Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанды мекендеді.

100

. Кіші жүз қазақтары қай аймақты мекендеді?

Бүкіл Батыс Қазақстан аумағын мекендеді.

100

Жүз дегеніміз нет?

Жүз – қазақ халқының тарихи қалыптасқан іри ру-тайпалық бірлестігі.


200

Ру мен тайпа ұғымдарының айырмашылығы қандай?


 Ру – туыстық негізде біриккен адамдар тобы, аль тайпа – бірнеше рудан құралған ири бірлестік.

200

Ұлы жүздің үш руын ата.


Дулат, жалайыр, албан.


200

Орта жүздің негізгі тайпаларын ата.

Арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат.

200

Кіші жүз қандай үш бірлестіктен құралды?

Әлімұлы, Жетиру және Байұлы.

200

Қазақ қоғамында құрылтай қандай махсатта шақырылды?


Маңызды қоғамдық және саяси мәселелерді шешу үшін жалпы жиналыс – құрылтай шақырылды.


300

Үш жүздің түпкі аталары кімдер деп саналады?


Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс.

300

Ұлы жүздің аса іри тайпасы қайсы?

 Дулат тайпасы.


300

 Арғындар мен наймандардың көшіп-қонған жерлерін сипатта.

Арғындар – Сарыарқа кеңістигінде.

Наймандар – Алтайдан Жетису Алатауына дейінгі жерлерде және қазіргі Қызылорда облысының аумағында көшіп-қонған.


300

Әлімұлы мен Жетіру құрамындағы руларды ата.

Әлімұлы: шекті, төртқара, шөмекей, кете, қаракесек, қарасақал.

Жетіру: табын, тама, кердери, төлеу, керейт, жағалбайлы, рамадан.


300

 Әскери қауіп төнген кезде үш жүз қалай бірікти?


Үш жүз бір ханның басшылығымен ұйымдасып, ортақ әскер шығарды.


400

Шежіре қазақ халқының бірлігін қалай сақтады?


Шежіре қазақ руларының туыстығын, ортақ ата-тегін және шығу тегінің бірлігін кэрсетіп, халықтың тұтастығын нығайтты.


400

Жалайыр, дулат және үйсін тайпалары туралы қандай мәлімет білесің?


Жалайырлар Ұлы жүздің ірі руларының біріне айналды.

Дулаттар Жетісуға кеңінен талып қоныстанды.

Үйсіндер Жетісуда белгілі бір кезеңде саяси үстемдік орнатқан, кейин Ұлы жүз қазақтарына өз атауын қалдырған.

400

Қыпшақтар мен керейлердің тарихи мекендерін салыстыр.

Қыпшақтар Тобылдан Сырдарияның төменгі ағыстарына дейінгі аумақты мекендеген.

Керейлер Ертіс жағалауы мен Батыс Алтайда көшіп-қонған.


400

Байұлы құрамындағы 12 руды толық ата.

Шеркеш, ысық, байбахты, масқар, алаша, қызылқұрт, тана, алтын-жаппас, беріш, есентемір, таз, адай.

400

Бейбит кезеңдегі және соғыс кезіндегі үш жүздің әрекетін салыстыр.


Бейбит уақытта мәселелерді әр жүз өз ішінде шешіп, қажет болған жағдайда құрылтай шақырды.

Әскери қауіп төнгенде үш жүз бір ханның басшылығымен бірігіп, ортақ әскер жасақтады.

500

Қазақтардың үш жүзге бірігуінің тарихи махызы қандай болды?


Үш жүзге бірігу қазақтардың саяси және қоғамдық ұйымын қалыптастырды. Әр жүз өз аумағында өмір сүргенімен, ортақ шежірелік дәстүр арқылы біртұтас қазақ халқы болып қалыптасты.


500

Ұлы жүздің географиялық орналасуы олардың көшпелі өмір салтына қалай әсер етті?


 Ұлы жүздің көшіп-қону аумағы таулы және жазық жерлерді қамтыды. Қысқы жайылымдары жазықта, жазғы жайылымдары Алатау тауларында болды. Бұл мал шаруашылығына қолайлы маусымдық көшіп-қонуға мүмкіндік берді.


500

Орта жүз тайпаларының кең аумаққа таралуының тарихи және географиилық ерекшеліктерін талда.


Орта жүз қазақтарының Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанды мекендеуі оларға алыс қашықтықтарға көшіп-қонуға мүмкіндік берді. Әртүрлі тайпалардың қосылуы Орта жүздің ру-тайпалық құрамын қалыптастырды.


500

 Әлімұлы, Жетіру және Байұлы бірлестіктерінің құрылымын салыстыр.

 Үшеуі де Кіші жүздің ірі ру-тайпалық бірлестіктері болып табылады. Әлімұлы 6 рудан, Жетиру 7 рудан, Байұлы 12 рудан құралған. Олардың барлығы Батыс Қазақстан аумағында қазақ халқының ру-тайпалық жүйесін қалыптастырған.


500

 «Ру-тайпалық жүйе қазақ мемлекеттілігінің сақталуйна ықпал етті» деген пікірді оқулықтағы деректермен дәлелде.

Ру-тайпалық жүйе қазақ халқының этнос ретінде ұйымдасуына, бірлесе өмір сүруіне және қоғамдық тәртіптің сақталуйна ықпал етті. Үш жүз ортақ шірелік дестүрмен бірікті. Әскери қауіп кезінде ортақ әскер құрып, елдің қорғанысын ұйымдастырды. Сондықтан ру-тайпалық жүйе қазақ мемлекеттілігінің өмір сүруинэ мүмкіндик жасады.

M
e
n
u