Бизнес-процестерді автоматтандырудың мақсаты қандай?
Уақытты үнемдеу, шығындарды азайту және жұмыс тиімділігін арттыру.
Цифрлық трансформация деген не?
Компанияның бизнес-процестерін, қызметтерін және мәдениетін цифрлық технологиялар арқылы өзгерту процесі.
Big Data дегеніміз не?
Өте үлкен көлемдегі және күрделі деректер жиынтығы.
CRM жүйесі не үшін қолданылады?
Клиенттермен қарым-қатынасты басқару үшін.
ERP жүйесінің негізгі мақсаты қандай?
Компанияның барлық ресурстарын бір жүйеде басқару.
Бұлттық технология (Cloud Computing) дегеніміз не?
Деректерді интернет арқылы сақтау және өңдеу технологиясы.
Сандық менеджментте деректер неге маңызды?
Олар шешім қабылдауға негіз болады.
Онлайн маркетинг дегеніміз не?
Интернет арқылы өнімді немесе қызметті жарнамалау.
Киберқауіпсіздік деген не?
Ақпараттық жүйелерді және деректерді қорғау шаралары.
Сандық платформалар деген не?
Пайдаланушылар мен қызметтерді біріктіретін онлайн жүйелер
Электрондық коммерция дегеніміз не?
Интернет арқылы тауар немесе қызмет сату.
Мобильді қосымшалардың бизнеске пайдасы қандай?
Клиенттерге қолжетімділікті арттырады.
Agile әдісі деген не?
Жобаларды икемді және жылдам басқару әдісі.
Scrum әдісі қай салада жиі қолданылады?
IT және бағдарламалық қамтамасыз ету жобаларында.
UX (User Experience) деген не?
Пайдаланушының өніммен немесе жүйемен жұмыс істеу тәжірибесі.