Көбею дегеніміз не?
Организмдердің өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру қасиеті
Жыныссыз көбею дегеніміз не?
Ұрпақтың бір ғана ата-анадан пайда болуы
Екіге бөліну арқылы көбею қалай аталады?
Бөліну
Жынысты көбею дегеніміз не?
Аталық және аналық жасушалардың қосылуы
Қай жануар әрі жынысты, әрі жыныссыз көбейе алады?
Гидра
Көбеюдің неше негізгі түрі бар?
2 (жыныссыз және жынысты)
Жыныссыз көбеюге мысал келтір
Амеба, гидра
Гидрада болатын көбею түрі
Бүршіктену
Ұрықтану дегеніміз не?
Аталық және аналық гаметалардың қосылуы
Қай көбею түрі эволюцияға тиімді?
Жынысты көбею
Жыныссыз көбеюдің басты ерекшелігі?
Бір ғана ата-анадан ұрпақ түзіледі
Бұл көбеюде ұрпақ ата-анасына қандай болады?
Толық ұқсас (клон)
Денесінің бөліктері арқылы көбею
Фрагментация
Ұрықтану нәтижесінде не түзіледі?
Зигота
Клон деген не?
Генетикалық бірдей организм
Жынысты көбеюде қандай жасушалар қатысады?
Гаметалар (жыныс жасушалары)
Қандай жануарлар жыныссыз көбейеді?
Қарапайымдылар, ішекқуыстылар
Спора арқылы көбею қалай аталады?
Спора түзу
Ішкі ұрықтану қайда жүреді?
Аналық ағза ішінде
Партеногенез дегеніміз не?
Ұрықтанусыз жұмыртқадан даму
Көбеюдің биологиялық маңызы қандай?
Түрдің сақталуын қамтамасыз етеді
Жыныссыз көбеюдің артықшылығы
Жылдам көбейеді
Қай жануар регенерация арқылы көбейе алады?
Теңіз жұлдызы
Жынысты көбеюдің артықшылығы
Генетикалық әртүрлілік пайда болады
Қай жануарларда партеногенез кездеседі?
Ара, кейбір кесірткелер