Семей қаласының негізі қай жылы қаланды?
1718 жылы
Бұл кісі әлемдегі ең атақты жазушылардың бірі. Оның детективті хикаялары 50-ден астам тілдерге аударылып, әліге дейін оқылым тақтасынан түспей келеді. Бұл қай жазушы?
Агата Кристи
Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
1465-1466 жылдары
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Сіріңке немесе оттық
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім. Бұл сөзді кім айтқан?
Мұхтар Әуезов
Семей қаласында Алашордалықтар қандай газет шығарды?
"Қазақ тілі" және "Сарыарқа"
Дүниедегі ең үлкен сөздікті атаңыз
Неміс сөздігі
Қазақ хандығын 40 жылдан астам уақыт басқарған ханды атаңыз
Хақназар хан
Үстел үстінде үш стақан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стақан қалды?
3 стақан
Қазақ әдебиетінің тарихында ең көп роман жазған жазушы?
І. Есенберлин
1920 жылдың қазан айында Семейде қандай театр құрылды?
"Ес-Аймақ" театры құрылды
Әлемдегі ең үлкен кітапхананы атаңыз
АҚШ-тағы, Конгресс кітапханасы
Қазақтан шыққан тұңғыш журналист қызды атаңыз
Нәзипа Құлжанова
Екі күн қатарынан жаңбыр жаууы мүмкін бе?
Жоқ, себебі екі күннің арасында түн бар.
Қазақ әдебиетінің тарихында ең көп әңгіме жазған жазушы?
М.Мағауин
Қазақстандағы тұңғыш су құбыры Семей қаласында іске қосылды. Бұл оқиға қай жылы болды?
1910 жылы
Кітап ұрлайтын адамды ғылыми тілде кім деп атайды?
Библиоклептоман
Ш.Уәлиханов Қашқария сапарына қай жылы аттанды?
1858 жылы
Әлемде ең көп орындалатын ән?
"Haррy birthday to you"
Бұл шығарманың құрылымы әдеттегі көркем шығарма формасынан бөлек: оқиға автор мен кейіпкер арасындағы сұхбат түрінде өрбиді. Автор басты кейіпкердің өмір жолына, ерлік істеріне байланысты түрлі сұрақтар қойып, оқырманға батырдың тұлғасын жан-жақты танытады. Шындық пен көркемдік қатар өріледі. Қарапайым оқырман үшін жеңіл, мазмұны терең. Шығарма авторы және атауын табыңыз.
Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»
"Семей" сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Киелі мекен
Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде қай кітапхана жоғалып кетті?
Отырар кітапханасы
Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы қай жылы құрылды?
1920 жылы
Тас-қайшы-қағаз (су-ли-фа) қай елде пайда болды?
Қытайда
«Қараша өткен соң», «Еділ-Жайық», «Тосқауыл», «Алтын арал», «Бозқырау» романдарының авторы кім?
Әнес Сарай