Котлы
қол сағаты
Ризз
харизма, тартымдылық
Думскроллинг
Жаман жаңалықтарды көре бересің, бірақ тоқтай алмайсың
на рахате
Демалып, сәттен ләззат алу
«Кайф» сөзі орыс тіліне XIX ғасырдың басында араб тілінен (түрік тілі арқылы) енген.
Рас
Бұл сөз 1821 жылы орыс сөздіктерінде тіркелген. Бұл сөз араб тілінен аударғанда «кейф» деген сөзден шыққан, ол кофе ішкеннен кейінгі күйді білдіреді.
Хилять
жайбарақат серуендеу
Моггер
сыртқы келбеті жағынан идеалға жеткен адам
FOGO
үйден шығудан қорқу
Раднойлар
жақын достар
«Мем» (meme) сөзі алғаш рет интернетте пайда болған және бастапқы мағынасы тек онлайн суреттерді білдірген.
Жалған
Оны Ричард Докинз 1970-жылдары мәдени идея ретінде енгізген
Шнурки в стакане
ата-ананың үйде екенін білдіретін сөз тіркесі
Налог Фанума
тамақ ұрлау
Инфотейнмент
Ақпаратты қызықты, жеңіл, entertaining түрде жеткізу
Апщенье-пищенье
бейресми, достық әңгіме
«Халява» сөзі бастапқыда орыс студенттік сленгінде пайда болған және басқа тілдерден енбеген.
Жалған
Ол иврит/неміс түбірлерімен байланыстырылып қарастырылады
Фарца
Кеңес дүкендерінде жоқ сирек кездесетін шетелдік өнім
Делулу
арманшыл
Скаффолдинг
оқушыны үйреткенде алдымен көп көмектесіп, кейін ол үйренген сайын көмекті азайту әдісі
Тапщке
тәпішкелер
«Спам» сөзі «қалаусыз хабарламалар» мағынасында Интернеттің арқасында пайда болды және бұрын басқа мағынасы болмаған
Жалған
«Спам» (spam) сөзі SPAM атты ет консервілерінің атауынан шыққан. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл консервілердің көп жарнамалануы оның “мазалаушы, қайталана беретін нәрсе” деген мағынаға айналуына себеп болды. Ал интернетте бұл термин 1993 жылдан бастап кең қолданыла бастады.
Сeйшн
концерт
Чуги
ескірген, сәнсіз
Фримиум
тегін («free») және ақылы («premium») тәсілдерді біріктіретін бизнес-модель. Мұнда қолданушыларға негізгі өнім тегін беріледі, ал кеңейтілген функциялар, жарнамасыз қолдану немесе қосымша мүмкіндіктер тек ақша төлегенде ғана қолжетімді
Дзат
«не зат?»
“топ” сөзі 2025 жылы әлеуметтік желілерде ең жиі қолданылған сөз болды, ресми зерттеу нәтижелері бойынша
Жалған
Жылдың сөзі - "бот"