Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы
Оқу-тәрбие процесінің гигиенасы
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерді жоспарлау
Жиһаздарға қойылатын гигиеналық талаптар
100

Денсаулыққа әсер ететін ең басты фактор (50% үлесі бар)?

Өмір салты


100

Оқу пәндерінің қиындығын бағалауда 76 бұйрық бойынша ең жоғары балл (11 балл) берілетін пән?

Математика, орыс тiлi (қазақ тiлiнде оқытатын мектептер үшiн), Математика, қазақ тiлi (қазақ тiлiнде оқытпайтын мектептер үшiн)

100

Неліктен мектептегі медпункт ғимараттың бірінші қабатында және кіреберіске жақын орналасуы тиіс?  

Жедел жәрдем келгенде науқасты тасымалдаудың қолайлығы және инфекциялық ауру белгісі бар баланы тез оқшаулау үшін.

100

13–17 жастағы қыздар үшін аяқ киім өкшесінің ең жоғары рұқсат етілген биіктігі қандай?

40 мм(4 см)

200

8 жасар баланың созылмалы аурулары жоқ, бірақ ол соңғы бір жыл ішінде 6 рет ЖРВИ-мен (ОРВИ) ауырған. Бұл бала денсаулықтың қай тобына жатқызылуы тиіс?

2 топ


200

4-5 сынып оқушылары үшін күнделікті оқу құралдарының (оқулық, дәптер) жиынтық салмағы қаншадан аспауы керек?

2,0 – 2,5 кг. 


200

Оқу бөлмелері орналасқан қабатта, сол бөлмелердің алып жатқан орны (ауданы) қабаттың жалпы ауданының неше пайызынан аспауы керек?

25%-дан аспауы керек.

200

Жұмсақ ойыншықтарды мектепке дейінгі мекемелерде қолдануға неге шектеу қойылады?

Жұмсақ ойыншықтарды ылғалды дезинфекциялау мүмкін емес, олар шаң мен микробтардың жинағышына айналады.

300

Баланың салмағы мен бойының арақатысын көрсететін индекс?

Кетле индексі (немесе Дене массасының индексі)

300

Мектеп алды (предшкола) сыныптарындағы сабақтардың саны мен ұзақтығына қойылатын талаптар қандай?

Күніне 4 сабақтан артық емес, ұзақтығы 25-30 минут

300

Неліктен мектеп асханасы мен химия кабинетіндегі вентиляциясы жүйесі ортақ вентиляция жүйеден бөлек болуы тиіс?    

Иістер мен химиялық булардың оқу бөлмелеріне таралуын болдырмау үшін.

300

Мектепке дейінгі мекемелерде жұқпалы аурулардың алдын алу үшін кереуеттердің арақашықтығы және олардың сыртқы қабырғадан қашықтығы қандай болуы керек?

Кереуеттердің арасы 0,3 м-ден кем болмауы керек, ал сыртқы қабырғадан арақашықтығы 0,7–1,0 м болуы тиіс.

400

Сәбилердің өсу мен даму процесінің заңдылықтарын атап өтіңіздер

1. өсу мен даму қарқынынын біркелкі еместігі

2. әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен даму-ының бір мезгілде жүрмейтіндігі

3. жыныстық диморфизм

4. биологиялық сенімділігі

5. генетикалық және сыртқы орталық фак-торлар

6. акселерация.

400

Бірінші сынып оқушылары үшін оқу жүктемесін біртіндеп арттыру («ступенчатый» режим) қалай жүзеге асырылады?

Қыркүйекте — 35 минуттан 3 сабақ, қазаннан бастап — 45 минуттан.

400

Метеорологиялық және географиялық алаңшаларды мектеп ғимаратынан қандай нақты қашықтықта орналастыру керек?

Мектеп ғимаратының биіктігінен 2,5 есе артық қашықтықта орналасуы тиіс.

400

Партаның "дифференциалы" деген не және ол қалай есептеледі?

Столдың артқы қырынан орындыққа дейінгі ара қашықтық. Отырғандағы шынтақ биіктігі + 5-6 см.

500

Дене бітіміндегі өзгерістердің (акселерация) кері процесі, яғни дамудың тежелуі қалай аталады?

Ретардация

500

Екі ауысым арасында ылғалды тазалау және желдету жүргізу үшін кемінде қанша минут үзіліс қарастырылуы тиіс?

Кемінде 40 минут. 

500

1-сынып оқушыларына арналған оқу секциясы мен 2-4 сыныптарға арналған секцияның құрамындағы бөлмелердің функционалдық айырмашылығы неде?

1-сыныптарда: Міндетті түрде ұйықтау-ойнау бөлмесі болады.

2-4 сыныптарда: Ұйықтау бөлмесінің орнына еңбекке оқыту шеберханалары мен ұзартылған күн тәртібіне арналған бөлмелер қарастырылады.

500

Оқушы партасындағы «дифференциал» тым үлкен болса (үстел тым биік), баланың дене бітімінде қандай өзгеріс болады?

Оң жақ иық жоғары көтеріліп, омыртқаның кеуде бөлігінде сол жаққа қарай сколиоз түзіле бастайды.

M
e
n
u